Шетелдік автокөліктердің жүргізушілері қанша жол апатын жасады

© PhotoАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Былтыр шетелдік көлік жүргізушілерінің кінәсінен 1,8 мыңға жуық жол апаты болды, 500-ге тарта адам көз жұмды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті жол қауіпсіздігі басқармасы басшысының орынбасары Төлеген Руспеков мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер ІІМ өкілінен "ЕАЭО елдерінен әкелінген автокөліктердің жүргізушілері қанша жол апатын жасағанын" сұрады.
"Былтыр шетелдік автокөліктер жүргізушілерінің қатысуымен барлығы 1798 жол апаты тіркелді. Салдарынан 481 адам қаза тауып, 2 237 адам жарақат алды", - деп жауап берді Руспеков.
Сондай-ақ шетелдік көлік иелерінің жол қозғалысы ережелерін бұзудың 700 мыңнан астам фактісі тіркелген.
Еске салсақ, 2023 жылғы 23 қаңтарда ел аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталады.
 Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2023
Шетелдік автокөліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталады – ІІМ
Жаңалықтар
0