Қоғам

Электросамокат пен гидроскутер тебетіндердің жауапкершілігі заңмен бекітіледі

© Photo : СС0 / confessusЭлектросамокат
Электросамокат - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Мәжіліс депутаттары жол қозғалысы ережелеріне өзгеріс енгізуге арналған заң жобасын әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заңға электросамокат пен гидроскутерлерге қатысты түзетулер енгізіледі.
Депутат Альберт Раудың айтуынша, "Жол қозғалысы туралы" заңда бірнеше маңызды мәселе ескеріледі. Атап айтқанда, электросамокат, гидроскутер және тағы басқа шағын электр көлігін бақылау жүргізіледі.
”Шағын электр көлігі" анықтамасы бекітіледі. Сондай-ақ, шағын электр көлігін мінген жүргізушілерінің құқығы мен міндеттері анықталады ”, - деді Рау.
архив  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2022
Өңірлер
Өскеменде электросамокат мінген ер адам көліктің астына түсті – оқиғаның мән-жайы
Жаңалықтар
0