https://sputnik.kz/20220415/oskemen-elektrosamokat-kolik-24222515.html
Өскеменде электросамокат мінген ер адам көліктің астына түсті – оқиғаның мән-жайы
Өскеменде электросамокат мінген ер адам көліктің астына түсті – оқиғаның мән-жайы
Sputnik Қазақстан
ВАЗ-2108 маркалы көліктің 26 жастағы жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамай, қиылыстан өтіп кетпекші болды 15.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-15T10:23+0500
2022-04-15T10:23+0500
2023-08-10T11:58+0500
өңірлер
өскемен
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07e5/05/1f/17203835_0:157:2997:1842_1920x0_80_0_0_6319dda3bb49823f35d0366fced2e235.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Өскемен қаласының полицейлер электросамокат мінген ер адамның өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Куәгерлер қаза болған жігіттің қиылыстан бағдаршамның жасыл түсіне өткенін айтып отыр. Сол кезде оны ВАЗ-2108 соққан, деп хабарлайды Yk-news.kz порталы. Жол апаты түнгі уақытта Астана көшесінде болған. Қала тұрғыны Алексей қайғылы оқиғаны өз көзімен көрген. Оның айтуынша, ер адамның жағдайы өте ауыр болған. Тыныс алуы қиындап кетті. "Мен бірден жүгіріп бардым, басқалар да жетіп келді. Басын сәл көтердім, ол дем ала алмай, қырылдап жатты. Бәлкім, қабырғалары сынды. Ал сол аяғы сынған. Оны анық көрдік. Масқара...Мен есінен танып қалмасын деп, онымен сөйлесіп отыруға тырыстым. Көзіме қарап жатты, басынан сипағаннан басқа ештеңе істей алмадық. Сосын дәрігерлер келді де, жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті", - деп атап көрсетті Алексей. Шығыс Қазақстан облыстық полиция басқармасы жол апатының болғанын растады."ВАЗ-2108 маркалы көліктің 26 жастағы жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамай, қиылыстан өтіп кетпекші болды. Сол кезде электросамокат мінген 1993 жылғы ер адамды соғып кетті. Ол алған жарақатынан ауруханада көз жұмды", - дейді полицейлер. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, байсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Осы бапқа сәйкес, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
өскемен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/1f/17203835_164:0:2831:2000_1920x0_80_0_0_0cad3b4cf43b9deaac825b71feafff22.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өскемен, жол апаты
Өскеменде электросамокат мінген ер адам көліктің астына түсті – оқиғаның мән-жайы
10:23 15.04.2022 (жаңартылды: 11:58 10.08.2023) ВАЗ-2108 маркалы көліктің 26 жастағы жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамай, қиылыстан өтіп кетпекші болды
НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Өскемен қаласының полицейлер электросамокат мінген ер адамның өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады.
Куәгерлер қаза болған жігіттің қиылыстан бағдаршамның жасыл түсіне өткенін айтып отыр. Сол кезде оны ВАЗ-2108 соққан, деп хабарлайды Yk-news.kz порталы.
Жол апаты түнгі уақытта Астана көшесінде болған. Қала тұрғыны Алексей қайғылы оқиғаны өз көзімен көрген.
"Әйелім және қызым үшеуіміз келе жатқанбыз. Ал электросамокат мінген ер адам бағдаршамда тұрған. Жасыл түс жанғанда қиылыстан өте бастады. Сосын кенеттен қатты соққы болды. Ол жігіт үш-төрт метрге жоғары қарай ұшып түсті, бір айналып, жерге құлады", - дейді ол.
Оның айтуынша, ер адамның жағдайы өте ауыр болған. Тыныс алуы қиындап кетті.
"Мен бірден жүгіріп бардым, басқалар да жетіп келді. Басын сәл көтердім, ол дем ала алмай, қырылдап жатты. Бәлкім, қабырғалары сынды. Ал сол аяғы сынған. Оны анық көрдік. Масқара...Мен есінен танып қалмасын деп, онымен сөйлесіп отыруға тырыстым. Көзіме қарап жатты, басынан сипағаннан басқа ештеңе істей алмадық. Сосын дәрігерлер келді де, жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті", - деп атап көрсетті Алексей.
Шығыс Қазақстан облыстық полиция басқармасы жол апатының болғанын растады.
"ВАЗ-2108 маркалы көліктің 26 жастағы жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамай, қиылыстан өтіп кетпекші болды. Сол кезде электросамокат мінген 1993 жылғы ер адамды соғып кетті. Ол алған жарақатынан ауруханада көз жұмды", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, байсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Осы бапқа сәйкес, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.