Өскеменде 20 жастағы жігіт зейнеткердің шотынан ақша ұрлаған

© Public DomainТелефон, архивтегі фото
Телефон, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 10 қаңтар – Sputnik. Өскеменде 69 жастағы зейнеткер зейнетақысынан айырылып қалды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Зейнеткер Ертіс полиция бөліміне арызданған. Қарттың айтуынша, бейтаныс жігіт кредит рәсімдеуге көмектесемін деген желеумен оның ұялы телефоны арқылы микрокредиттік ұйымнан онлайн кредит рәсімдеген. Ол аздай жәбірленушінің жеке шотынан зейнетақысын өз шотына аударып алған. Сөйтіп зейнеткердің 91 000 теңгесін жымқырған.
Жедел іздестіру кезінде полиция 20 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған. Ол ақшаны жеке қажеттілігіне жұмсағанын айтып, кінәсін толық мойындаған.
"Оған "алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заң бұзушыны екі жылға бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр", - деп атап өтті баспасөз қызметі.
WhatsApp мессенджері  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2022
Алматылық зейнеткер бар дүние-мүлкінен айырылды
Жаңалықтар
0