Өңірлер

Республикалық маңызы бар 26 жол жабық - министрлік

© Photo : УЧС ТемиртауТасжолдағы көліктер
Тасжолдағы көліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 9 қаңтар - Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар 26 автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
"Ауа райының нашарлауына (боран, нашар көріну, көктайғақ) және жол тазартуға байланысты автожолдардың 61 учаскесі жабылды, оның 26-сы республикалық маңызы бар", - деді ведомстводан.
Қар құрсауында қалған көліктер:
Астана-Щучинск тасжолында 8 жүк көлігі тұр;
Ақтөбе облысындағы Ақтөбе-Қарабұтақ автожолында 30 техника тұр;
Абай облысында Қалбатау ауылынан шығар жерде - 46,
Көкпекті – Қалбатау аралығындағы тасжолда - 39 автомобиль тұр;
Павлодар облысындағы Шідерті – Қарағанды автожолында 20 автокөлік қар құрсауында қалған.
Ел бойынша барлығы 143 бірлік техника жолдардың ашылуын күтіп тұр. Соңғы тәулікте республикалық жолдарда құтқарушылар 37 адамды, оның ішінде 9 баланы эвакуациялады.
Қар көшкіні - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2023
Өңірлер
ШҚО-да қар көшкінінің алдын алу жұмысы жүргізіліп жатыр
Жаңалықтар
0