https://sputnik.kz/20230109/shqo-da-qardy-mazhburlep-tusiru-zhumystary-zhurgizilip-zhatyr-30948233.html
ШҚО-да қар көшкінінің алдын алу жұмысы жүргізіліп жатыр
ШҚО-да қар көшкінінің алдын алу жұмысы жүргізіліп жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының қар көп түсетін және көшкін жүруі ықтимал аймақтарында қар... 09.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-09T08:41+0500
2023-01-09T08:41+0500
2023-08-09T12:29+0500
өңірлер
қар
шығыс қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1d/23804405_0:562:2049:1714_1920x0_80_0_0_9a0cb8fb2e0930d129c359d45641124e.jpg
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының қар көп түсетін және көшкін жүруі ықтимал аймақтарында қар көшкінінің алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр. Кеше Өскемен – Тауды Үлбі – Северное тасжолында қар жамылғысын түсіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Жару жұмыстары нәтижесінде 36 850 текше метр қар түсірілді. "Қаңтарда қатты жауын-шашын, жел жиі болып тұр. "Қазселқорғау" мекемесі мамандарының бақылауы бойынша, толассыз жауу салдарынан тау беткейлеріндегі қар көлемі қауіпті деңгейге жетті. Ол өздігінен қозғалуы мүмкін. Сондықтан мұндай алдын алу шаралары шұғыл қажет", - дейді "Қазселқорғау" облыстық филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев. Қазіргі уақытта қар көшу қаупі бар аймақтар компания мамандарының бақылауында тұр. Бақылау жүмыстары сәуір айының соңына дейін жүргізіледі. Шаңғышылардың қарлы беткеймен өтуі, қатты айғайлау, оқ ату, тіпті тау бөктерінен шанамен сырғанау да қар көшкінін тудыруы мүмкін. Егер қар қабатының астына су түссе де, қар көшкіні де өздігінен жүруі мүмкін. Айта кетері, облыста бұл бағыттағы жұмыстар бірнеше күннен бері жалғасып жатыр.Өңірдің таулы аймақтарында қар көшкіні қаупі жоғары екені туралы дабылды ескерту жарияланған болатын.
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1d/23804405_0:370:2049:1906_1920x0_80_0_0_8c90f83266fcfd30e255124f2fb9d956.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қар, шығыс қазақстан
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының қар көп түсетін және көшкін жүруі ықтимал аймақтарында қар көшкінінің алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр.
Кеше Өскемен – Тауды Үлбі – Северное тасжолында қар жамылғысын түсіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Жару жұмыстары нәтижесінде 36 850 текше метр қар түсірілді.
"Қаңтарда қатты жауын-шашын, жел жиі болып тұр. "Қазселқорғау" мекемесі мамандарының бақылауы бойынша, толассыз жауу салдарынан тау беткейлеріндегі қар көлемі қауіпті деңгейге жетті. Ол өздігінен қозғалуы мүмкін. Сондықтан мұндай алдын алу шаралары шұғыл қажет", - дейді "Қазселқорғау" облыстық филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев.
Қазіргі уақытта қар көшу қаупі бар аймақтар компания мамандарының бақылауында тұр. Бақылау жүмыстары сәуір айының соңына дейін жүргізіледі. Шаңғышылардың қарлы беткеймен өтуі, қатты айғайлау, оқ ату, тіпті тау бөктерінен шанамен сырғанау да қар көшкінін тудыруы мүмкін.
Егер қар қабатының астына су түссе де, қар көшкіні де өздігінен жүруі мүмкін.
Айта кетері, облыста бұл бағыттағы жұмыстар бірнеше күннен бері жалғасып жатыр.
Өңірдің таулы аймақтарында қар көшкіні қаупі жоғары екені туралы дабылды ескерту жарияланған болатын.