Алматыда "Арлан" базарынан өрт шықты

© PhotoАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 9 қаңтар – Sputnik. Алматыдағы "Арлан" ірі сауда орны өртенді, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
100 шаршы метр аумақта контейнерлер жанған.
Өрт 9 қаңтарда сағат 16:55-те болған. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 16 бірлік техникасы, 60-тан астам қызметкері мен қалалық өзара іс-қимыл қызметтері жұмылдырылды.
Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Нысан тоқтан толық ажыратылды.
Өрт сөндірушілерге жапсарлас орналасқан контейнерлердің тым тығыздығы кедергі келтірген. Контейнерлерді ашу үшін арнайы апаттық-құтқару құралдары қолданылды. Өрт екі сағатта оқшауланды. Базардағы басқа контейнерлер өрттен аман қалды.
Өрт сөндіру көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2022
Оқиға
Алматыда "барахолка" жақтан өрт шықты - аспанды қою қара түтін басты
Жаңалықтар
0