Оқиға

Алматыда "барахолка" жақтан өрт шықты - аспанды қою қара түтін басты

© SputnikӨрт сөндіру көлігі
Өрт сөндіру көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 11 қараша - Sputnik. Алматыда "барахолка" базары жақтан өрт шықты. ТЖД күштері Жетісу ауданы, Солтүстік айналым, 7 Б мекенжайына жоғары дәрежедегі шақыру бойынша жіберілді, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына 8 минутта жеткен. Алдын ала мәлімет бойынша базардағы "Адем" сауда үйінің артқы бетіндегі қоймалардың бірі отқа оранған.
Мамандар дереу өртті сөндіруге кірісіп, газ-түтіннен қорғау қызметі адамдардың бар-жоғына барлау жүргізді. Өрттің неден шыққаны және қанша контейнер өртенгені белгісіз.
Мән-жайды ТЖД мамандары анықтап жатыр. Оқиға орнында жедел штаб құрылды.
Алматыда жарылған жылу құбыры жөнделді - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2022
Өңірлер
Алматыда жарылған жылу құбыры жөнделді
Жаңалықтар
0