https://sputnik.kz/20221111/almatyda-zharylgan-zhylu-qubyry-zhondeldi-29226803.html
Алматыда жарылған жылу құбыры жөнделді
Алматыда жарылған жылу құбыры жөнделді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 11 қараша - Sputnik. Алматыда Шәріпов көшесінің бойындағы жылу магистралі жөнделіп, үйлерге жылу берілді, деп хабарлайды Алматы қаласының энергетика... 11.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-11T09:41+0500
2022-11-11T09:41+0500
2022-11-11T09:41+0500
өңірлер
алматы
құбыр
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/0a/29219864_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_a796087ff18a3103a40e2a8f611a0e39.jpg
АЛМАТЫ, 11 қараша - Sputnik. Алматыда Шәріпов көшесінің бойындағы жылу магистралі жөнделіп, үйлерге жылу берілді, деп хабарлайды Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы. Шәріпов көшесінің бойындағы көлік қозғалысы да қалпына келтірілді. 13 қарашаға дейін бұзылған асфальт жол жөнделеді. Әкімдік кез келген төтенше жағдай кезінде +7-727-378-06-65 телефоны арқылы "АлТС" ЖШС апаттық-диспетчерлік қызметіне хабарлауды сұрайды. Еске салсақ, бейсенбі күні Алматыда құбырдың жарылуы салдарынан асфальт астынан су бұрқағы атқылаған болатын. Апат салдарынан 90-нан астам нысан уақытша жылусыз қалды. Жылу магистралінің пайдалануға берілгеніне 30 жылдан асты, соңғы бірнеше жылда 18 рет апат болған.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/0a/29219864_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_1c78b52f2a554a6286de1e26a77ae729.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, құбыр
Алматыда жарылған жылу құбыры жөнделді
АЛМАТЫ, 11 қараша - Sputnik. Алматыда Шәріпов көшесінің бойындағы жылу магистралі жөнделіп, үйлерге жылу берілді, деп хабарлайды Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы.
"11 қарашаға қараған түні "Алматы жылу желілері" ЖШС ұжымы диаметрі 400 мм құбырды қалпына келтірді. Сынақ жүргізілгеннен кейін жылу магистралі іске қосылып, жұмыс істеп тұр. Сағат 02:40-та жылу берілді", - деп нақтылады әкімдік.
Шәріпов көшесінің бойындағы көлік қозғалысы да қалпына келтірілді. 13 қарашаға дейін бұзылған асфальт жол жөнделеді.
Әкімдік кез келген төтенше жағдай кезінде +7-727-378-06-65 телефоны арқылы "АлТС" ЖШС апаттық-диспетчерлік қызметіне хабарлауды сұрайды.
Еске салсақ, бейсенбі күні Алматыда құбырдың жарылуы салдарынан асфальт астынан су бұрқағы атқылаған болатын. Апат салдарынан 90-нан астам нысан уақытша жылусыз қалды. Жылу магистралінің пайдалануға берілгеніне 30 жылдан асты, соңғы бірнеше жылда 18 рет апат болған.