Өңірлер

25 градусқа дейін аяз болады: Алматы әкімдігі тұрғындарды ескертті

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы, қыс
Алматы, қыс - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 9 қаңтар - Sputnik. Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты әкімдік тұрғындарға жолда абай болу қажеттігін ескертті.
Алматыда түнде қар жауады, көктайғақ болады. Алдағы екі тәулікте ауа температурасы түнде 18, күндіз 15 градусқа дейін төмендеп, кейін 25 градусқа дейін қатты аяз болады.

"Көктайғаққа байланысты жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, көлік арасындағы арақашықтықты сақтауға, шұғыл маневр жасамауға шақырды. Ал жаяу жүргіншілерге тротуарларда абай болу керек", - деді қалалық әкімдік.

Мұндай хабарландыруды қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы да жариялап жатыр.
Олар жұмысқа кешігіп қалмас үшін үйден ертерек шығып, қалың киіну керектігін ескертіп отыр.
Тасжолдағы көліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2023
Өңірлер
Республикалық маңызы бар 26 жол жабық - министрлік
Жаңалықтар
0