https://sputnik.kz/20230106/prezident-qarzhy-piramidalarynyn--zholyn-kesu-zhumysyn-zhalgastyrudy-tapsyrdy-30913812.html
Президент қаржы пирамидаларының жолын кесу жұмысын жалғастыруды тапсырды
Президент қаржы пирамидаларының жолын кесу жұмысын жалғастыруды тапсырды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 4 қаңтар - Sputnik. Мемлекет басшысына қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов былтыр атқарған жұмыстары туралы есеп берді, деп... 06.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-06T17:39+0500
2023-01-06T17:39+0500
2023-01-06T17:59+0500
ойынхана
https://sputnik.kz/img/07e6/01/06/19061371_3:0:3000:1686_1920x0_80_0_0_0f8fe215a032cf5a47e664d87638fb82.jpg
АЛМАТЫ, 4 қаңтар - Sputnik. Мемлекет басшысына қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов былтыр атқарған жұмыстары туралы есеп берді, деп хабарлайды Ақорда. Президентке бизнестің қылмыстық процеске қатысын азайту үшін Агенттіктің жүйелі жұмыс жүргізіп жатқаны жөнінде баяндалды. Соңғы төрт жылда агенттікте тіркелген істер саны екі есе кеміген. Мемлекет басшысы қаржы пирамидаларын жою туралы тапсырма берген болатын. Былтыр қаржы алаяқтарының қызметін жарнамалайтын 13 мың веб-парақша мен аккаунт бұғатталған. Сондай-ақ 29 қаржы пирамидасының жолы кесіліп, зардап шеккен азаматтардың 8,3 миллиард теңге көлемінде шығыны өтелген."Қабылданған шаралардың нәтижесінде құны 300 миллиард теңгеден асатын активтер қайтарылды", - деді агенттік төрағасы.Қасым-Жомарт Тоқаевқа агенттік үйлестіруімен қаржыны жылыстатуға қарсы ұлттық жүйеге реформа жүргізілгені жөнінде баяндалды. Кездесу соңында мемлекет басшысы қаржы пирамидаларының қызметі мен алаяқтардың қитұрқы әрекеттерінің жолын кесу жұмыстарын жалғастыруды, сондай-ақ адал бизнесті қорғауға, қаржылық және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес шараларын күшейтуді тапсырды.
https://sputnik.kz/20230106/qazaqstan-ukimeti-zhana-quram-30908291.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/06/19061371_626:0:2874:1686_1920x0_80_0_0_ec71b9a71d8cc97d3ae6d1bd8dae96b6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ойынхана
Президент қаржы пирамидаларының жолын кесу жұмысын жалғастыруды тапсырды
17:39 06.01.2023 (жаңартылды: 17:59 06.01.2023) АЛМАТЫ, 4 қаңтар - Sputnik. Мемлекет басшысына қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов былтыр атқарған жұмыстары туралы есеп берді, деп хабарлайды Ақорда.
Президентке бизнестің қылмыстық процеске қатысын азайту үшін Агенттіктің жүйелі жұмыс жүргізіп жатқаны жөнінде баяндалды. Соңғы төрт жылда агенттікте тіркелген істер саны екі есе кеміген.
"Жалған шот-фактуралар жазып беріп салық төлеуден жалтаруға көмектесіп, қаржыны қолма-қол ақшаға айналдыратын мыңнан астам фирманың қызметі тоқтады. Сондай-ақ 110 заңсыз ойынхана мен алкоголь өнімін шығаратын 44 жасырын цех жойылды", - деді Элиманов.
Мемлекет басшысы қаржы пирамидаларын жою туралы тапсырма берген болатын. Былтыр қаржы алаяқтарының қызметін жарнамалайтын 13 мың веб-парақша мен аккаунт бұғатталған. Сондай-ақ 29 қаржы пирамидасының жолы кесіліп, зардап шеккен азаматтардың 8,3 миллиард теңге көлемінде шығыны өтелген.
"Қабылданған шаралардың нәтижесінде құны 300 миллиард теңгеден асатын активтер қайтарылды", - деді агенттік төрағасы.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа агенттік үйлестіруімен қаржыны жылыстатуға қарсы ұлттық жүйеге реформа жүргізілгені жөнінде баяндалды.
Кездесу соңында мемлекет басшысы қаржы пирамидаларының қызметі мен алаяқтардың қитұрқы әрекеттерінің жолын кесу жұмыстарын жалғастыруды, сондай-ақ адал бизнесті қорғауға, қаржылық және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес шараларын күшейтуді тапсырды.