https://sputnik.kz/20230106/qazaqstan-ukimeti-zhana-quram-30908291.html
Қазақстан үкіметі: жаңа құрам
Қазақстан үкіметі: жаңа құрам
Sputnik Қазақстан
Министрлер кабинетінің кімдермен толыққанын Sputnik Қазақстан инфографикасынан көріңіздер 06.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-06T15:43+0500
2023-01-06T15:43+0500
2023-01-06T15:43+0500
инфографика
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e7/01/04/30856281_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_9a4d905412ddc32376a1006519a5dae3.png
Премьер-министр Әлихан Смайылов басқаратын үкіметтің құрамы жаңарды. Министрлер кабинеті алты жаңа есіммен толықты, қалған министрлер өз орнында қалды. Сәрсенбі, 4 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлықтарға қол қойды.Жаңа есімдерҒалымжан Қойшыбаев Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – үкімет аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Ол әр жылдары Қазақстанның Литвадағы, Латвиядағы, Эстониядағы, Финляндиядағы елшісі, сыртқы істер министрінің орынбасары болды. Жаңа қызметке дейінгі лауазымы – премьер-министр кеңсесінің басшысы.Зүлфия Сүлейменова Серікқали Брекешевтің орнына келді. Ол қайта құрылған Экология және табиғи ресурстар министрлігінің министрі болып тағайындалды.Сүлейменова енді үкіметтегі ең жас министр. Оның сұхбатынан ет жемейтіні, хайуанаттар бағына бармайтыны, мұхит түбінен және жағажайлардағы қоқыстан жиналған пластиктен жасалған экологиялық таза аяқ киім киетіні белгілі болды.Геология саласындағы функциялар мен өкілеттіктер индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берілді. Бұл министрлікті Қайырбек Өскенбаевтың орнына келген 35 жастағы "Болашақ" түлегі Марат Қарабаев басқарды. Қарабаев соңғы бір жарым жылда индустрия вице-министрі қызметін атқарды.Ғани Бейсембаев оқу-ағарту министрі болып тағайындалды. PhD докторы, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылым академиясының корреспондент мүшесі (Ресей). 2022 жылдан бастап білім және ғылым вице-министрі, кейін оқу-ағарту вице-министрі болды.Бұған дейін ведомство басшысы қызметін Асхат Аймағамбетов атқарған, ол президент жарлығымен қызметінен босатылды.1990 жылы туған Асхат Оралов мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды, бұған дейін ол "Аманат" партиясының атқарушы хатшысы қызметін атқарған. Ол бұл қызметте Дәурен Абаевтың орнына келді.43 жастағы Азамат Есқараев әділет министрі болып тағайындалды, бұған дейін бұл қызметті Қанат Мусин атқарды. Есқараев бұған дейін үш жыл бойы Қазақстан премьер-министрі кеңсесінің заң бөлімінің меңгерушісі болған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/04/30856281_156:0:1116:720_1920x0_80_0_0_c10eb85f15f8c575bb2cccf5dd02276e.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, инфографика
Қазақстан үкіметі: жаңа құрам
Министрлер кабинетінің кімдермен толыққанын Sputnik Қазақстан инфографикасынан көріңіздер
Премьер-министр Әлихан Смайылов басқаратын үкіметтің құрамы жаңарды.
Министрлер кабинеті алты жаңа есіммен толықты, қалған министрлер өз орнында қалды. Сәрсенбі, 4 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлықтарға қол қойды.
Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – үкімет аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Ол әр жылдары Қазақстанның Литвадағы, Латвиядағы, Эстониядағы, Финляндиядағы елшісі, сыртқы істер министрінің орынбасары болды. Жаңа қызметке дейінгі лауазымы – премьер-министр кеңсесінің басшысы.
Зүлфия Сүлейменова Серікқали Брекешевтің орнына келді. Ол қайта құрылған Экология және табиғи ресурстар министрлігінің министрі болып тағайындалды.
Сүлейменова енді үкіметтегі ең жас министр. Оның сұхбатынан ет жемейтіні, хайуанаттар бағына бармайтыны, мұхит түбінен және жағажайлардағы қоқыстан жиналған пластиктен жасалған экологиялық таза аяқ киім киетіні белгілі болды.
Геология саласындағы функциялар мен өкілеттіктер индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берілді. Бұл министрлікті Қайырбек Өскенбаевтың орнына келген 35 жастағы "Болашақ" түлегі Марат Қарабаев басқарды. Қарабаев соңғы бір жарым жылда индустрия вице-министрі қызметін атқарды.
Ғани Бейсембаев оқу-ағарту министрі болып тағайындалды. PhD докторы, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылым академиясының корреспондент мүшесі (Ресей). 2022 жылдан бастап білім және ғылым вице-министрі, кейін оқу-ағарту вице-министрі болды.
Бұған дейін ведомство басшысы қызметін Асхат Аймағамбетов атқарған, ол президент жарлығымен қызметінен босатылды.
1990 жылы туған Асхат Оралов мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды, бұған дейін ол "Аманат" партиясының атқарушы хатшысы қызметін атқарған. Ол бұл қызметте Дәурен Абаевтың орнына келді.
43 жастағы Азамат Есқараев әділет министрі болып тағайындалды, бұған дейін бұл қызметті Қанат Мусин атқарды. Есқараев бұған дейін үш жыл бойы Қазақстан премьер-министрі кеңсесінің заң бөлімінің меңгерушісі болған.