Әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемдер көлемі артты

© Photo : Pixabay / EdarКалькулятор, архивтегі фото
Калькулятор, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Биылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемдердің мөлшері артты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 1 қаңтардан бастап жұмыссыз қалған, еңбекке қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері өсті. Олар:
жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем +13 процент;
еңбекке қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемдер + 8,5 процент.
Сондай-ақ бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемнің мерзімі 1,5 жасқа дейін ұзартылып отыр. Биыл бұл төлем 500 мыңнан астам ата-анаға тағайындалады деп жоспарланып отыр.
Айта кетері, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемдер жұмыс істеген және ай сайын қорға жарна аударған адамдарға базалық мемлекеттік төлемдермен бірге беріледі.
Теңге, ақша - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2023
Зейнетақы мен жәрдемақы көбейді
Жаңалықтар
0