Алматыда өрт салдарынан 75 адам эвакуацияланды

© Photo : Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті.Алматыда өрт салдарынан 75 адам эвакуацияланды
Алматыда өрт салдарынан 75 адам эвакуацияланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 3 желтоқсан – Sputnik. Алматыда көпқабатты үйде пәтер өртеніп, 75 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға 3 желтоқсанда болған. 18 көпқабатты үйдің 4 қабатында орналасқан пәтердің ас бөлмесі мен тағы бір бөлмесі өртенген. Тілсіз жау 30 шаршы метрді шарпыған.
Салдарынан көпқабатты үйдің 75 тұрғыны эвакуацияланды. Оның 25-і бала. Тұрғындар арнайы жасақталған автобуста жылынды.
Зардап шеккендер жоқ.
Өрт 15 минутта сөндірілді. Тілсіз жауды жоюға 43 адам, 11 техника жұмылдырылды.
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2023
Петропавлда 19 жастағы бойжеткен ер адамды өрттен алып шықты
Жаңалықтар
0