Петропавлда 19 жастағы бойжеткен ер адамды өрттен алып шықты

© Sputnik / Стрингерархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. Петропавлда 19 жастағы қыз өртеніп жатқан үйден 32 жастағы жігітті алып шықты, ал екінші ер адам қаза тапты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан агенттігіне облыстық ТЖД департаментінің баспасөз хатшысы Евгений Журавлев.
Қайғылы оқиға 1 қаңтар күні болған.
"Сағат 19:38-де Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметіне қаладағы Рабочий ауылындағы Клара Цеткин көшесі, 90А мекенжайындағы ағаштан салынған жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті. Облыс орталығының өрт сөндіру қызметінің екі бөлімше мамандары (1 және 4) тез арада оқиға орнына аттанды. Өрт сөндірушілер жеткен уақытта үй ашық жалынмен өртеніп жатқан және көрші ғимараттарға жайылу қауіп туындаған", - деп хабарлады Журавлев.
Өрт сағат 20:41-де сөндірілді. Өрт болған жерден үйде тұратын 1989 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Өрт 48 шаршы метр аумақтағы жеке заттар мен жиһазды шарпыған. 48 шаршы метр аумақтың шатыры зақымданған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
"Куәгерлерден жауап алу барысында өртті бірінші болып Рабочей ауылының 19 жастағы тұрғыны Мария Симонова көргені белгілі болды. Ол қою түтінді байқап, өрт болған жерге бірінші болып жеткен. Үйдің есігін ашқан бойжеткен төрт аяқтап есікке қарай ентелеп келе жатқан ер адамды көрген. Мария оған түтін басқан үйден шығуға көмектесіп, содан кейін дереу өрт сөндірушілерді шақырған", - деді Евгений Журавлев.
32 жастағы ер адамның қолы мен басы жеңіл дәрежеде күйген, ол ауруханаға жатқызуды қажет етпеді.
Белгілі болғандай, ержүрек бойжеткен өрт болған көшеде ата-анасымен бірге тұрады. Ол қалалық техникалық колледждің 4 курс студенті, техник-механик мамандығы бойынша білім алып жатыр. Оның айтуынша, ол көлікпен айналысқанды жақсы көреді, жеңіл көлік жүргізушісінің куәлігі де бар. Оқу барысында еріктілер қозғалысының түрлі акцияларына бірнеше рет қатысқан, спортпен шұғылданды, 10 жыл каратэ секциясында жаттыққан.
Айтпақшы, Мария да жуырда ғана адамды өрттен аман алып қалған Рабочий ауылының тұрғыны, кәсіпқой боксшы Евгений Павлов сияқты 42 орта мектептің түлегі. Бастапқыда ол Петропавл қаласындағы кәсіптік-техникалық колледжге "құтқарушы" мамандығы бойынша оқуға түскісі келген. Бірақ жарақатына байланысты имұның реті келмеген. Мария өзі батырлық жасадым деп ойламайды.
"Қиын жағдай болған кезде шетте қалмадым. Әркез жанашырлық таныта білу керек! Бұл өмірде бәрімізге көмек керек!", - деді ол өзінің әрекеті туралы.
Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы бұл жағдайда Марияның әрекетін жоғары бағалап, бойжеткенге жанашырлығы мен батылдығы үшін алғысын білдірді. Оны СҚО ТЖД басшысының атынан марапттау мәселесі қаралады.
Жаңалықтар
0