Кадрлық ауыс-түйіс

Қаңтардағы оқиғалардан кейін елде бірқатар ауыс-түйіс жасалды. Толығырақ Sputnik материалдарынан оқи аласыздар. 

Тоқаев әділет министрін қызметінен босатты

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаАкорда. Виды зимой
Акорда. Виды зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 30 желтоқсан - Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Қанат Мусин әділет министрі лауазымынан босатылды.
Ол бүгін мәжілістің жалпы отырысында конституциялық сот судьясы қызметіне тағайындалды.
ЕҰУ ғалымы Еркін Оңғарбаев пен Қазақ гуманитарлық заң университетінің ғалымы Сергей Ударцев те Конституциялық сот судьясы болды.
Айта кетері, Қанат Мусин құқық қорғау мен әділет органдарында көп жыл еңбек етті, мәжіліс депутаты, комитет төрағасы болды. Соңғы қызметі - әділет министрі.
Еркін Оңғарбаев - ғалым, заң ғылымдарының докторы, конституциялық реформа бойынша жұмыс тобының мүшесі. Осы уақытқа дейін Еуразия Ұлттық университетінің проректоры қызметін атқарған.
Сергей Ударцев те белгілі ғалым, заң ғылымдарының докторы, конституциялық реформа бойынша жұмыс тобының мүшесі, бұрын Конституциялық соттың судьясы болған. Қазіргі таңда М.С.Нәрікбаев атындағы КазГЮУ ғылыми зерттеу институтының директоры болып істейді.

Конституциялық сот

Айта кетері, конституциялық сот өз жұмысын келесі жылдан бастайды.
Кеше сенат отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық сот төрағасы қызметіне Эльвира Әзімованы ұсынды. Депуттар кандидатураны бірауыздан қолдады. Эльвира Әзімова Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды. Оның орнына Артур Ластаев тағайындалды.
Здание сената парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2022
Тоқаев Конституциялық сот төрағасын тағайындады
Жаңалықтар
0