Тоқаев Конституциялық сот төрағасын тағайындады

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание сената парламента Казахстана
Здание сената парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2022
Жазылу
НовостиTelegram
АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев сенат отырысына қатысты. Мемлекет басшысы адам құқығын қорғау саласына әрдайым айрықша мән беретініне тоқталып, соңғы жылдары бұл бағытта айтарлықтай ілгерілеу бар екенін айтты.
"Өлім жазасына біржола тыйым салдық. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарға жаза қатайды. Сот реформасы жүзеге асырылып жатыр. Заң үстемдігі және қазылардың дербес әрі әділ болуы – басты назарда. Тағы да қайталап айтамын: әділдік пен заңдылықты қамтамасыз ету – мемлекеттің міндеті. Қоғам бізден осыны күтіп отыр. Сондықтан биыл адам құқығын қорғау жүйесін жетілдіру жұмысы жалғасты", - деді президент.
Ол адам құқықтары жөніндегі уәкілге конституциялық кепілдік және иммунитет берілгенін атап өтті.
"Бас прокурордың құқық қорғау құзыреті күшейтілді. Конституциялық соттың құрылуы аса маңызды қадам болды. Бұл орган жаңа жылдан бастап жұмысқа кіріседі. Ол Ата заң нормаларының қатаң сақталуын қамтамасыз етеді. Конституциялық сот азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау ісіне зор үлес қосады деп сенемін", - деді мемлекет басшысы.
Президент Конституциялық соттың кадрлық құрамын жасақтау кезінде сабақтастық сақталуға тиіс екенін айта келіп, жаңа органның төрағасына айрықша міндет жүктелетініне назар аударды. Осы ретте мемлекет басшысы осы жауапты қызметке Эльвира Әбілхасымқызы Әзімованы ұсынды. Ол қатардағы қызметкерден министрдің орынбасары лауазымына дейін көтерілген.
© Sputnik / Владислав ВодневЭльвира Әзімова
Эльвира Азимова - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2022
Эльвира Әзімова
"Эльвира Әбілхасымқызы – тәжірибелі, білікті маман. Заң шығару жұмысын, халықаралық құқық саласын өте жақсы біледі. Ол 20 жылдан астам уақыт әділет министрлігінде еңбек етті. 2019 жылдан бері Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарып келеді. Сіздерден Эльвира Әзімованы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатып, Конституциялық соттың төрағасы лауазымына тағайындауға келісім беруді сұраймын, - деді мемлекет басшысы.

Сенат депутаттары ашық дауыс беру арқылы президент ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады.
Эльвира Әзімова Конституциялық сот төрағасы лауазымына тағайындалды. Ал Конституциялық кеңестің төрағасы – Қайрат Мәми.
Жаңалықтар
0