https://sputnik.kz/20221229/toqaev-ukimette-kadrlyq-auys-tuyis-bolatynyn-aytty-30741004.html
Тоқаев үкіметте кадрлық ауыс-түйіс болатынын айтты
Тоқаев үкіметте кадрлық ауыс-түйіс болатынын айтты
Sputnik Қазақстан
Келесі жылы ЖІӨ өсімі кемінде 4 пайыз болуға тиіс. Ал ақшаға шаққанда алғаш рет 250 миллиард долларға жетуі қажет, деді ол 29.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-29T13:09+0500
2022-12-29T13:09+0500
2022-12-29T13:10+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
үкімет
кадрлық тағайындаулар
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/16/29619263_0:62:3419:1986_1920x0_80_0_0_7ed6de9731c863b518beac58a134ee37.jpg
АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің ұсынысы бойынша жаңа жылдың басында үкіметте бірқатар кадрлық өзгеріс жасайтынын хабарлады."Мен жақында өткен үкімет отырысында бұл мәселе бойынша нақты айттым. Еліміз үшін өте маңызды бірқатар мәселе бойынша үкімет лайықты белсенділік көрсетіп отырған жоқ, шешімдерін баяу қабылдап жатыр. Үкімет осы олқылықтарды түзетіп жатыр, таяу арада оның жұмысының тиімділігі артады деп ойлаймын", - деді президент сенат отырысында.Ол экономиканы одан әрі дамытуға барынша күш салу керектігін атап өтті. "Келесі жылы ЖІӨ өсімі кемінде 4 пайыз болуға тиіс. Ал ақшаға шаққанда алғаш рет 250 миллиард долларға жетуі қажет. Ұлттық банк пен үкіметтің алдында тағы бір маңызды міндет тұр. Бұл – инфляцияны ауыздықтау. Тұрмысы төмен тұрғындарға оның қатты тиетіні анық. Осы мәселені шешпесек, экономиканы өркендету мүмкін емес", - деді Тоқаев.Мемлекет басшысы жаңа өндірістер салып, жұмыс орындарын ашу қажеттігіне тоқталды."Әсіресе, жастарды жұмыспен қамту өте маңызды. Әйтпесе, инфляцияның өсуінен азаматтарымыз үлкен зиян шегуі мүмкін. Денсаулық сақтау және білім беру жүйесіне баса назар аудару қажет. Осы орайда, барлық жоспарымыздың орындалу барысын бақылауға алу керек. Соңғы кезде кейбір аймақтарда болған төтенше жағдайлар ел ішінде қордаланған мәселе көп екенін көрсетті", - деді президент.Тоқаев алдағы уақытта мұндай оқиғаларға жол бермеу керектігін баса айтты.
https://sputnik.kz/20221229/toqaev-senat-otyrysyna-qatysty-30734609.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/16/29619263_344:0:3075:2048_1920x0_80_0_0_bcbe3011d1f861ee97cc7ffb55b060f7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, үкімет, кадрлық тағайындаулар
қасым-жомарт тоқаев, үкімет, кадрлық тағайындаулар
Тоқаев үкіметте кадрлық ауыс-түйіс болатынын айтты
13:09 29.12.2022 (жаңартылды: 13:10 29.12.2022) Келесі жылы ЖІӨ өсімі кемінде 4 пайыз болуға тиіс. Ал ақшаға шаққанда алғаш рет 250 миллиард долларға жетуі қажет, деді ол
АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің ұсынысы бойынша жаңа жылдың басында үкіметте бірқатар кадрлық өзгеріс жасайтынын хабарлады.
"Мен жақында өткен үкімет отырысында бұл мәселе бойынша нақты айттым. Еліміз үшін өте маңызды бірқатар мәселе бойынша үкімет лайықты белсенділік көрсетіп отырған жоқ, шешімдерін баяу қабылдап жатыр. Үкімет осы олқылықтарды түзетіп жатыр, таяу арада оның жұмысының тиімділігі артады деп ойлаймын", - деді президент сенат отырысында.
Ол экономиканы одан әрі дамытуға барынша күш салу керектігін атап өтті.
"Келесі жылы ЖІӨ өсімі кемінде 4 пайыз болуға тиіс. Ал ақшаға шаққанда алғаш рет 250 миллиард долларға жетуі қажет. Ұлттық банк пен үкіметтің алдында тағы бір маңызды міндет тұр. Бұл – инфляцияны ауыздықтау. Тұрмысы төмен тұрғындарға оның қатты тиетіні анық. Осы мәселені шешпесек, экономиканы өркендету мүмкін емес", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы жаңа өндірістер салып, жұмыс орындарын ашу қажеттігіне тоқталды.
"Әсіресе, жастарды жұмыспен қамту өте маңызды. Әйтпесе, инфляцияның өсуінен азаматтарымыз үлкен зиян шегуі мүмкін. Денсаулық сақтау және білім беру жүйесіне баса назар аудару қажет. Осы орайда, барлық жоспарымыздың орындалу барысын бақылауға алу керек. Соңғы кезде кейбір аймақтарда болған төтенше жағдайлар ел ішінде қордаланған мәселе көп екенін көрсетті", - деді президент.
Тоқаев алдағы уақытта мұндай оқиғаларға жол бермеу керектігін баса айтты.