https://sputnik.kz/20221229/qoyan-zhyly-qazaqstandyqtar-numerolog-bolzham-30739043.html
Қоян жылы қазақстандықтарды не күтіп тұр – нумеролог болжамы
Қоян жылы қазақстандықтарды не күтіп тұр – нумеролог болжамы
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. Барыс жылынан кейін кіретін қоян жылы қандай тосын сый дайындап тұр? 2023 жыл бізге қандай жаңалық әкеледі? Кімдердің жолы... 29.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-29T14:49+0500
2022-12-29T14:49+0500
2022-12-29T15:01+0500
қоғам
жаңа жыл
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/17/30570560_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_6b2fdf105450d81e2656a4a5f87e7913.jpg
АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. Барыс жылынан кейін кіретін қоян жылы қандай тосын сый дайындап тұр? 2023 жыл бізге қандай жаңалық әкеледі? Кімдердің жолы болады? Белгілі нумеролог Құралай Бақытқызы сандарды сөйлетіп, келесі жылға нумерологиялық болжам жасады. Толығырақ Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.Нумерологтың айтуынша, қоян жылының стихиясы – су, сол себепті көбіне көк және қара түстерді таңдаған дұрыс. Ал жыл саны – 7.Қаңтар мен ақпан – ең ауыр айлар"Жеті" тұрақсыз сан болғандықтан, ел экономикасында тұрақсыздық жиі болады. Әсіресе, жылдың алғашқы жартыжылдығы.Оның айтуынша, жылдың басы қазақстандықтарға оңай соқпайды. Ең ауыр айлар – қаңтар мен ақпан."Ақпан айы бізде 9 санымен келеді, ал 9 – ауыр сандардың бірі. Сол себепті ақпанды сынақ айы деп атауға болады. Азық-түлік қымбаттайды, жұрт ақшаның жоқтығынан қиналады, көбі күйзеліске түсуі мүмкін. Алайда мұның бәрі өткінші екенін ұмытпайық. Әр қиындықтың артынан жеңілдік келеді. Наурыз айынан бастап жаңа есік, жаңа мүмкіндіктер ашылады. Сондықтан егер пәтер сатып алуды ойлап жүрсеңіздер, наурыз, мамыр және шілде ең сәтті айлар екенін атап өткім келеді", - деді нумеролог.Қоян жылында су элементі болғандықтан, адамдар үнемі қимыл-қозғалыста жүруге ұмтылады. Көбі баспаналы болады, жұмыс орнын ауыстырады, басқа елдерге қоныс аударады.Махаббат жылыҚұралай Бақытқызының айтуынша, 2023 жыл – махаббат үшін өте жақсы жыл. Бұрын жұмысын бірінші орынға қойған бойдақтар келесі жылы жеке өміріне көбірек көңіл бөледі. Барлық фокусын махаббатқа бұрады. Ал ерлі-зайыптылар арасында махаббат оты қайта тұтанады, бір-біріне құрметі мен мейірімі арта түседі."Қоян жылы шаңырақ көтеретін жұптар әжептәуір көбейеді деп ойлаймын. Әсіресе, қызмет пен мансапты ғана ойлап келген жандар ендігі жылы махаббатты таңдайды. Сол себепті 2023 жылды "махаббат жылы" деп атауға болады", - дейді маман.Сондай-ақ туған жылы 3-ке аяқталатын адамдар үшін жыл сәтті болады. Мысалы, 1973, 1983, 1993, 2003 жылы дүниеге келгендер.Ал қоян жылы туған адамдар үшін – тағдыр жылы."Көбі мүшел жас деп қорқып жатады, бірақ нумерологияда адамның өз жылы келгенде, ол адам тағдыршешті шешім қабылдайды. Көбі үйленуі мүмкін, қызметі жоғарылауы мүмкін. Сол себепті қоян жылы дүниеге келгендерге мүмкіндікті жіберіп алуға болмайды", - деп ескертті нумеролог.Қазақстанды 2023 жылы не күтіп тұрҚұралай Бақытқызының болжамынша, келесі жылы елімізде баспана бағасы тағы шарықтайды. Азық-түлік қымбаттайды. Көктемде кейбір өңірлерде жылдағыдай су тасқыны болады. Ұшақ апаты қайталануы мүмкін. Жазда және күзде жер сілкінісі болжанып отыр.Десек те жағымды жаңалықтар да жоқ емес. Мәселен, үкімет халыққа зейнетақы бойынша жақсы бағдарламалар ұсынады. Полиция, логистика, тасымал саласында қызмет ететін жұмысшыларды оң өзгерістер күтіп тұр.Сонымен қатар, 7 саны – бұл инновация. Жасанды интеллект, ІТ-технология дамитын жыл.Бұдан бөлек, Астанада бірнеше жыл бойы тұралап тұрған LRT жобасы ілгерілейді.Елімізде туризм дамуы мүмкін."Келесі жылы қоғамда үлкен психологиялық өзгеріс болады. Өйткені күйзеліс, тұрақсыздықтың өзі адамды алға жетелейді, прогресске түрткі болады, өзіне есеп беруге үйретеді", - дейді маман.Нумерологтың айтуынша, соңғы жылдары пандемия мен әлемдегі геосаяси халықты есеңгіретіп, жүйкесін жұқартты. Соның кесірінен жұрт кез келген болмашы қиындыққа үреймен қарайды, уайымшылдыққа салынады."Сол себепті айтарым – адам көңіл-күйін үнемі көтеріп жүруі керек. Көңіл-күй энергиямен тығыз байланысты. Сол үшін спортпен айналысып, көбірек жаяу жүрген абзал, табиғатқа жақын болу керек. Өйткені қимыл-қозғалыс бізге энергия береді. Күн ұзаққа бір орында тапжылмай отыру тәнге де, жанға да зиян. Кім бір орында көп отырады, сол адам ұтылады", - дейді Құралай Бақытқызы.Жаңа жылды қалай қарсы алған дұрысҚазақстандық нумеролог қоян жылын дұрыс қарсы алудың әдістерін бөлісті.Біріншісі – қоян жылын үйде отбасы, ағайын-туыс немесе жақын достардың ортасында қарсы алған дұрыс. Сол кезде жыл энергиясы да сәтті болады.Екіншісі – дастарханнан жиналған тамақ қалдығын қоқысқа тастамай, жануарларға немесе құстарға берген жөн. Қоқысқа тастау арқылы адамдар өз ырыс-несібесін төгіп тастайды деген ырым бар.Үшіншісі – 2023 жылы қоян жылы кіретіндіктен, жаңажылдық дастарханды қоян мен сәбіздің суретімен, сары түстермен безендірген абзал.Төртіншісі – махаббат жылы болғандықтан, сонымен байланысты әшекейлер, суреттер ілуге болады. Мысалы, жұптардың, аққудың немесе жүректің суреті.Бесіншісі – үйді жаңа жылға дейін жинап-тазалап шығыңыз."Жаңа жылды қалай қарсы алсақ, жыл солай өтеді деп жатады. Осы тұста мен қаңтар айына ерекше тоқталғым келеді. Қаңтардың алғашқы аптасының 4 күнін қалай өткізсек, жылдың төрт мезгілі де солай өтеді екен. Демалғаннан бұрын көбірек еңбектеніп, көңілімізді көтеруге тырысып, көтеріңкі көңіл-күйде жүрсек, жыл да солай сәтті болады", - деп кеңес берді Құралай Бақытқызы.Нумерологтың айтуынша, жаңа жыл кірген күні 1 қаңтарда үйге алғаш кірген қонақ – сол жылдың хабаршысы.Бұдан бөлек, Құралай Бақытқызы 25 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығындағы түстер аян беретін түстер екенін атап өтті. Сондықтан бұл күндері көрген түстерге баса мән берген жөн.Сондай-ақ нумеролог жаңа жылға арман-тілектерді қағаз бетіне түсіруге кеңес берді. Алға қойған арман-мақсаттарды қағазға асықпай, іштей гармонияда отырған сәтте жазған дұрыс, дейді ол.
https://sputnik.kz/20221229/qantar-oqigasy-referendum-prezident-saylauy-2022-zhyl-nesimen-este-qalady-30574973.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/17/30570560_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_0699933a0a6f408702bda7048d4c900b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жаңа жыл
АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. Барыс жылынан кейін кіретін қоян жылы қандай тосын сый дайындап тұр? 2023 жыл бізге қандай жаңалық әкеледі? Кімдердің жолы болады? Белгілі нумеролог Құралай Бақытқызы сандарды сөйлетіп, келесі жылға нумерологиялық болжам жасады. Толығырақ
Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.
Нумерологтың айтуынша, қоян жылының стихиясы – су, сол себепті көбіне көк және қара түстерді таңдаған дұрыс. Ал жыл саны – 7.
Қаңтар мен ақпан – ең ауыр айлар
"Жеті" тұрақсыз сан болғандықтан, ел экономикасында тұрақсыздық жиі болады. Әсіресе, жылдың алғашқы жартыжылдығы.
"Осыған байланысты адам бойын күйзеліс, стресс, мазасыздық билейді. Бірақ мұндай құбылмалы көңіл-күй уақытша. Хаостың өзі прогресске жол ашады. Адамдар өткеннен ой түйіп, сабақ алады, өз әрекетіне есеп береді, есейеді. Қордаланып қалған мәселелердің түйіні тарқайды. Жалпы елімізді де жаздың ортасынан кейін оң өзгерістер күтіп тұр", - деп болжады Құралай Бақытқызы.
Оның айтуынша, жылдың басы қазақстандықтарға оңай соқпайды. Ең ауыр айлар – қаңтар мен ақпан.
"Ақпан айы бізде 9 санымен келеді, ал 9 – ауыр сандардың бірі. Сол себепті ақпанды сынақ айы деп атауға болады. Азық-түлік қымбаттайды, жұрт ақшаның жоқтығынан қиналады, көбі күйзеліске түсуі мүмкін. Алайда мұның бәрі өткінші екенін ұмытпайық. Әр қиындықтың артынан жеңілдік келеді. Наурыз айынан бастап жаңа есік, жаңа мүмкіндіктер ашылады. Сондықтан егер пәтер сатып алуды ойлап жүрсеңіздер, наурыз, мамыр және шілде ең сәтті айлар екенін атап өткім келеді", - деді нумеролог.
Қоян жылында су элементі болғандықтан, адамдар үнемі қимыл-қозғалыста жүруге ұмтылады. Көбі баспаналы болады, жұмыс орнын ауыстырады, басқа елдерге қоныс аударады.
Құралай Бақытқызының айтуынша, 2023 жыл – махаббат үшін өте жақсы жыл. Бұрын жұмысын бірінші орынға қойған бойдақтар келесі жылы жеке өміріне көбірек көңіл бөледі. Барлық фокусын махаббатқа бұрады. Ал ерлі-зайыптылар арасында махаббат оты қайта тұтанады, бір-біріне құрметі мен мейірімі арта түседі.
"Қоян жылы шаңырақ көтеретін жұптар әжептәуір көбейеді деп ойлаймын. Әсіресе, қызмет пен мансапты ғана ойлап келген жандар ендігі жылы махаббатты таңдайды. Сол себепті 2023 жылды "махаббат жылы" деп атауға болады", - дейді маман.
Сондай-ақ туған жылы 3-ке аяқталатын адамдар үшін жыл сәтті болады. Мысалы, 1973, 1983, 1993, 2003 жылы дүниеге келгендер.
Ал қоян жылы туған адамдар үшін – тағдыр жылы.
"Көбі мүшел жас деп қорқып жатады, бірақ нумерологияда адамның өз жылы келгенде, ол адам тағдыршешті шешім қабылдайды. Көбі үйленуі мүмкін, қызметі жоғарылауы мүмкін. Сол себепті қоян жылы дүниеге келгендерге мүмкіндікті жіберіп алуға болмайды", - деп ескертті нумеролог.
Қазақстанды 2023 жылы не күтіп тұр
Құралай Бақытқызының болжамынша, келесі жылы елімізде баспана бағасы тағы шарықтайды. Азық-түлік қымбаттайды. Көктемде кейбір өңірлерде жылдағыдай су тасқыны болады. Ұшақ апаты қайталануы мүмкін. Жазда және күзде жер сілкінісі болжанып отыр.
Десек те жағымды жаңалықтар да жоқ емес. Мәселен, үкімет халыққа зейнетақы бойынша жақсы бағдарламалар ұсынады. Полиция, логистика, тасымал саласында қызмет ететін жұмысшыларды оң өзгерістер күтіп тұр.
Сонымен қатар, 7 саны – бұл инновация. Жасанды интеллект, ІТ-технология дамитын жыл.
Бұдан бөлек, Астанада бірнеше жыл бойы тұралап тұрған LRT жобасы ілгерілейді.
Елімізде туризм дамуы мүмкін.
"Келесі жылы қоғамда үлкен психологиялық өзгеріс болады. Өйткені күйзеліс, тұрақсыздықтың өзі адамды алға жетелейді, прогресске түрткі болады, өзіне есеп беруге үйретеді", - дейді маман.
Нумерологтың айтуынша, соңғы жылдары пандемия мен әлемдегі геосаяси халықты есеңгіретіп, жүйкесін жұқартты. Соның кесірінен жұрт кез келген болмашы қиындыққа үреймен қарайды, уайымшылдыққа салынады.
"Сол себепті айтарым – адам көңіл-күйін үнемі көтеріп жүруі керек. Көңіл-күй энергиямен тығыз байланысты. Сол үшін спортпен айналысып, көбірек жаяу жүрген абзал, табиғатқа жақын болу керек. Өйткені қимыл-қозғалыс бізге энергия береді. Күн ұзаққа бір орында тапжылмай отыру тәнге де, жанға да зиян. Кім бір орында көп отырады, сол адам ұтылады", - дейді Құралай Бақытқызы.
Жаңа жылды қалай қарсы алған дұрыс
Қазақстандық нумеролог қоян жылын дұрыс қарсы алудың әдістерін бөлісті.
Біріншісі – қоян жылын үйде отбасы, ағайын-туыс немесе жақын достардың ортасында қарсы алған дұрыс. Сол кезде жыл энергиясы да сәтті болады.
Екіншісі – дастарханнан жиналған тамақ қалдығын қоқысқа тастамай, жануарларға немесе құстарға берген жөн. Қоқысқа тастау арқылы адамдар өз ырыс-несібесін төгіп тастайды деген ырым бар.
Үшіншісі – 2023 жылы қоян жылы кіретіндіктен, жаңажылдық дастарханды қоян мен сәбіздің суретімен, сары түстермен безендірген абзал.
Төртіншісі – махаббат жылы болғандықтан, сонымен байланысты әшекейлер, суреттер ілуге болады. Мысалы, жұптардың, аққудың немесе жүректің суреті.
Бесіншісі – үйді жаңа жылға дейін жинап-тазалап шығыңыз.
"Жаңа жылды қалай қарсы алсақ, жыл солай өтеді деп жатады. Осы тұста мен қаңтар айына ерекше тоқталғым келеді. Қаңтардың алғашқы аптасының 4 күнін қалай өткізсек, жылдың төрт мезгілі де солай өтеді екен. Демалғаннан бұрын көбірек еңбектеніп, көңілімізді көтеруге тырысып, көтеріңкі көңіл-күйде жүрсек, жыл да солай сәтті болады", - деп кеңес берді Құралай Бақытқызы.
Нумерологтың айтуынша, жаңа жыл кірген күні 1 қаңтарда үйге алғаш кірген қонақ – сол жылдың хабаршысы.
"Қонақ – ол несібе. Табалдырықтан бірінші болып аттаған адамның қызметі, лауазымы қандай, бойдақ па, соған аса мән беріңіз. Өйткені ол сізге қоян жылынан хабар береді", - дейді маман.
Бұдан бөлек, Құралай Бақытқызы 25 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығындағы түстер аян беретін түстер екенін атап өтті. Сондықтан бұл күндері көрген түстерге баса мән берген жөн.
Сондай-ақ нумеролог жаңа жылға арман-тілектерді қағаз бетіне түсіруге кеңес берді. Алға қойған арман-мақсаттарды қағазға асықпай, іштей гармонияда отырған сәтте жазған дұрыс, дейді ол.