Кредит каникулы мен ҰБТ-сыз грант алу: әскерге барғысы келетіндер көбейді

© Министерство обороны КазахстанаАрхивное фото солдата, зачитывающего присягу
Архивное фото солдата, зачитывающего присягу - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда әскери қызметке баратындарды ынталандыру шаралары өз нәтижесін берді. Бұл туралы Қарулы күштер бас штабының мобилизация мен ұйымдастыру департаменті бастығының орынбасары Азамат Дүйсімов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биылдан бастап әскерге шақырылған азаматтар кредит төлеу міндетінен уақытша босатылады. Кредит каникулын беру тәртібі бойынша мерзімді қызметте жүрген әскери қызметшілердің барлық кредиті бойынша төлем кейінге шегеріледі. Банктер мен микроқаржы ұйымдары да қарызды қайтаруды талап ете алмайды.
"Кредит каникулының өзі жақсы нәтиже берді. Оны биыл күзгі әскерге шақыру науқаны кезінде байқадық. Жастардың 30 проценті бұрын әскерге барайын ба, бармайын ба деп отырса, осы жолы ештеңеге алаңдамай келді. Өйткені кредит үшін алаңдаудың қажеті жоқ. Осының өзі әскерге шақырылған жастардың көбеюіне ықпал етті", - деді полковник Дүйсімов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, ата-аналардың ықпалы да байқалады. Себебі жоғары білім алу жағынан да жеңілдік бар.
Айта кетері, Қазақстанда әскерге барып келген жастар кейбір жоғары оқу орында тегін білім алады. Ол үшін университеттер өздері грант бөліп отырады.
Ал өзі қалаған ЖОО грант ұсынбаса, әскерден келген жігітке ақылы негізде де оқуға болады. ҰБТ тапсырудың қажеті жоқ.
Срочная служба - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2022
Қостанайда сарбаз әскерге шақырған комиссариатты сотқа берді
Жаңалықтар
0