https://sputnik.kz/20221005/qostanayda-sarbaz-askerge-shaqyrgan-komissariatty-sotqa-berdi-28195855.html
Қостанайда сарбаз әскерге шақырған комиссариатты сотқа берді
Қостанайда сарбаз әскерге шақырған комиссариатты сотқа берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Қостанай облыстық мамандандырылыған ауданаралық әкімшілік соты 2022 жылғы 24 мамырда Қостанай облысының қорғаныс істері... 05.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-05T12:21+0500
2022-10-05T12:21+0500
2022-10-05T12:21+0500
сот
сарбаз
қостанай
https://sputnik.kz/img/24/92/249261_0:599:1511:1449_1920x0_80_0_0_296a512bf249ee07f717c81d8c7cbc6d.jpg
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Қостанай облыстық мамандандырылыған ауданаралық әкімшілік соты 2022 жылғы 24 мамырда Қостанай облысының қорғаныс істері департаментіне қатысты әскери қызметке жіберу туралы бұйрықпен келіспеген Н. есімді азаматтың арызы бойынша әкімшілік істі қарады. Әскери есепте тұрған мерзімді әскери қызметші 2021 жылдың желтоқсан айында медициналық комиссиядан өту кезінде "Аш ішек түйінінің эрозиялық деформациясы. Асқынған ойық жара" диагнозы бар екенін хабарлап, сәйкес медициналық анықтаманы ұсынған. Даулы қаулы сотпен заңсыз деп танылып, оның күші жойылды. Сонымен қатар, Арызданушының денсаулық жағдайын ескерген сот өз шешімін шұғыл орындауға шақырды. Мұндай оқиғаның алдағы уақытта қайталануына жол бермеу мақсатында тиісті шаралар қолдану үшін сот жауапкерге тіркелген заң бұзушылықтар бойынша жеке ұйғарым шығарды.
қостанай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/24/92/249261_0:458:1511:1591_1920x0_80_0_0_1dd771b3987235f2560284a919477a97.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот, сарбаз, қостанай
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Қостанай облыстық мамандандырылыған ауданаралық әкімшілік соты 2022 жылғы 24 мамырда Қостанай облысының қорғаныс істері департаментіне қатысты әскери қызметке жіберу туралы бұйрықпен келіспеген Н. есімді азаматтың арызы бойынша әкімшілік істі қарады.
Әскери есепте тұрған мерзімді әскери қызметші 2021 жылдың желтоқсан айында медициналық комиссиядан өту кезінде "Аш ішек түйінінің эрозиялық деформациясы. Асқынған ойық жара" диагнозы бар екенін хабарлап, сәйкес медициналық анықтаманы ұсынған.
"Комиссия құжатты есепке алмай, "Әскери қызметке жарамды" деген бірауызды шешім шығарып, жас жігітті Ұлттық ұланға жіберілді. Сот талқылауы барысында жауап беруші тарап қостанайлық азаматтың әскери міндетті өтеу орны бойынша медициналық тексерудің нәтижесін көрсетті. Құжатта Н. есімді арызданушының әскери қызметті өтеуіне кедергі келтірмейтін "Катаральды антральді гастрит" ауруы бар екені көрсетілген. Сот әскери-дәрігерлік сараптама тағайындады. Сараптама арызданушының бұған дейін мәлімдеген диагноз растады, оның қазіргі уақытта ауруы жазылмағаны белгілі болды. Сондықтан жас сарбаз одан әрі әскери қызметті өтей алмайды", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Даулы қаулы сотпен заңсыз деп танылып, оның күші жойылды.
Сонымен қатар, Арызданушының денсаулық жағдайын ескерген сот өз шешімін шұғыл орындауға шақырды.
Мұндай оқиғаның алдағы уақытта қайталануына жол бермеу мақсатында тиісті шаралар қолдану үшін сот жауапкерге тіркелген заң бұзушылықтар бойынша жеке ұйғарым шығарды.