Саясат

Санкт-Петербургте ТМД елдері басшылары бірге таңғы ас ішті

© Sputnik / Сергей ГунеевҚол алысу
Қол алысу - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 27 желтоқсан - Sputnik. Санкт-Петербургте ТМД елдері басшыларының жұмыс таңғы асы өтіп жатыр.

ТМД елдерінің басшылары 2022 жылдың қорытындысын шығару және Достастық үшін ең өзекті салалардағы ынтымақтастық жоспарын талқылау үшін жиналды.

Кездесу орыс өнерінің әлемдегі ең үлкен мұражайы - Русский музейде өтіп жатыр.
Ресейге екі күндік бейресми саммитке Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон, Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев және Армения премьер-министрі Никол Пашинян барды.
Әлиев пен Бердімұхамедов дүйсенбі кешке елдеріне оралған болатын, деп жазады РИА Новости.
2022 жылы Қазақстан ТМД-ға төрағалық етті. 2023 жылы төрағалық Қырғызстанға өтеді.
Токаев в 2022 году встретился с главами 19 стран и провел в самолете 239 часов - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2022
Видео
Биыл Тоқаев қайда және кіммен кездесті - видео
Жаңалықтар
0