Видео

Биыл Тоқаев қайда және кіммен кездесті - видео

Жазылу
Ақорда 2022 жылды қорытындылады
Қасым-Жомарт Тоқаев шетелге 25 рет іс-сапар жасап, 16 өңірге барып, 19 мемлекеттің президентімен кездесті.
Қазақстан президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев ел өңірлеріне жұмыс сапармен 16 рет барып, 14 елге 25 рет шетелдік сапар жасаған, 7 рет үндеу жариялаған. 19 мемлекеттің басшысымен кездесіп, келіссөз жүргізген.
2022 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев 68 заңға, 137 өкімге, 422 жарлыққа, 4 508 қызметтік құжатқа, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша 594 шешімге қол қойды.
Сондай-ақ, 2022 жылы президент 60 жеделхат жолдады, 30 мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады, 59 рет телефон арқылы сөйлесті, 7 рет үндеу жариялап, 1 рет конституциялық заңдарға жария түрде қол қойды.
2022 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев 59 кеңес пен отырысқа, 31 халықаралық деңгейдегі іс-шараға қатысып, 298 рет қабылдау мен кездесу өткізді. 2022 жылы президент ел бойынша және шетелге бірқатар сапар жасады: 238 сағат ішінде 147 390 шақырым жол жүрді. Сондай-ақ еліміздің өңірлеріне жұмыс сапарымен 16 рет барды.
Еске сала кетсек, Тоқаев 20 қарашада өткен 81,31% нәтижесімен президент сайлауында жеңіске жетті.
Жаңалықтар
0