https://sputnik.kz/20221227/astanada-osy-oqu-zhylynda-9-mektep-paydalanuga-beriledi-akim-30676603.html
Астанада осы оқу жылында 9 мектеп пайдалануға беріледі – әкім
Астанада осы оқу жылында 9 мектеп пайдалануға беріледі – әкім
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Келер жылдың мамыр айына дейін Астанада 9 мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлады елорда әкімі Жеңіс Қасымбек. 27.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-27T15:37+0500
2022-12-27T15:37+0500
2022-12-27T15:42+0500
білім
астана
оқу жылы
мектеп
әкім
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/1b/30673598_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_6f4caf0e42f606c7a2dae3e56d8dad4b.jpg
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Келер жылдың мамыр айына дейін Астанада 9 мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлады елорда әкімі Жеңіс Қасымбек. Жеңіс Қасымбек келесі оқу жылында тағы 13 мектеп пайдалануға берілетінін айтты. "Ірі мектептер 2 ауысымда 4 мың оқу орнын құруға мүмкіндік береді. Бұл мектептердегі орын тапшылығы мәселесін біршама шешеді", - деді әкім. 2023 жылы елордада жаңа форматтағы 25 "жайлы мектептің" құрылысы басталады. "Балабақшаларға көңіл бөліп отырмыз. Жақында Есіл ауданында мемлекеттік балабақша аштық. Келесі жылы жекеменшік балабақшалардағы 9 мың орынға қосымша мемлекеттік тапсырыс беруді жоспарлап отырмыз", - деп түйіндеді елорда әкімі.
https://sputnik.kz/20221214/temirtauda-oqushy-sabaqtan-erte-qaytu-ushin-mektepte-zharylgysh-zat-qoyyldy-dep-khabarlagan-30359177.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/1b/30673598_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_dfd5027c87631e025be781bab928f5fa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, оқу жылы, мектеп, әкім
астана, оқу жылы, мектеп, әкім
Астанада осы оқу жылында 9 мектеп пайдалануға беріледі – әкім
15:37 27.12.2022 (жаңартылды: 15:42 27.12.2022) АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Келер жылдың мамыр айына дейін Астанада 9 мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлады елорда әкімі Жеңіс Қасымбек.
"Бұл Рысқұлов көшесінің, Р.Қошқарбаев даңғылының бойындағы, Ұлы Дала даңғылы мен Сауран көшесінің қиылысындағы, Ұлы Дала даңғылы мен 39-көшедегі және тағы басқа мекенжайдағы мектептер. Көктемде айналаны абаттандыруды бастау туралы міндеттеме жүктедім", - деп жазды қала әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Жеңіс Қасымбек келесі оқу жылында тағы 13 мектеп пайдалануға берілетінін айтты.
"Ірі мектептер 2 ауысымда 4 мың оқу орнын құруға мүмкіндік береді. Бұл мектептердегі орын тапшылығы мәселесін біршама шешеді", - деді әкім.
2023 жылы елордада жаңа форматтағы 25 "жайлы мектептің" құрылысы басталады.
"Балабақшаларға көңіл бөліп отырмыз. Жақында Есіл ауданында мемлекеттік балабақша аштық. Келесі жылы жекеменшік балабақшалардағы 9 мың орынға қосымша мемлекеттік тапсырыс беруді жоспарлап отырмыз", - деп түйіндеді елорда әкімі.