https://sputnik.kz/20221214/temirtauda-oqushy-sabaqtan-erte-qaytu-ushin-mektepte-zharylgysh-zat-qoyyldy-dep-khabarlagan-30359177.html
Теміртауда оқушы сабақтан ерте қайту үшін мектепте жарылғыш зат қойылды деп хабарлаған
Теміртауда оқушы сабақтан ерте қайту үшін мектепте жарылғыш зат қойылды деп хабарлаған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Теміртауда оқушы сабақтан үйіне ерте қайту үшін мектепте “жарылғыш зат” орнатылды деп хабарлаған, деп хабарлайды Polisia.kz. 14.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-14T21:07+0500
2022-12-14T21:07+0500
2022-12-14T21:07+0500
теміртау
мектеп
бомба
https://sputnik.kz/img/115/60/1156043_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_b6e65f6e4745b3d09934ef5b443fd6bd.jpg
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Теміртауда оқушы сабақтан үйіне ерте қайту үшін мектепте “жарылғыш зат” орнатылды деп хабарлаған, деп хабарлайды Polisia.kz. 14 желтоқсан күні сағат 13.00 шамасында Қарағанды облысы Теміртау қалалық төтенше жағдайлар басқармасына белгісіз баланың дауысында біреу хабарласып, 20 мектепті және онда бар барлық адамдарды жарамын деп мәлімдеген. Қарағанды облыстық полиция департаментінің жедел кезекшісімен оқиға орынына саперлермен барлық жедел қызметтер жіберілді. Полиция қызметкерлерімен мектептен барлығы 500 адам, яғни мұғалімдер мен оқушылар эвакуцияланды. Сондай-ақ мектептің айналасы полиция қызметкерлерімен қоршауға алынды. Білім беру мекемесіне жүргізілген тексеру жұмыстары барысында оның ішінен ешқандай жарылғыш зат анықталған жоқ. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабына (Терроризм актісі туралы көрнеу жалған хабарлау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Теміртау қалалық Полиция басқармасы экстремизмге қарсы күрес бөлімі қызмектерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында сол мектепте оқитын 12 жастағы оқушы анықталды. Ол үйіне ерте кету үшін мектепте жарылғыш зат бар деп хабарлағаны туралы түсіндірді.
теміртау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/115/60/1156043_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_783cd986552393634521a13ac3419713.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теміртау, мектеп, бомба
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Теміртауда оқушы сабақтан үйіне ерте қайту үшін мектепте “жарылғыш зат” орнатылды деп хабарлаған, деп хабарлайды Polisia.kz.
14 желтоқсан күні сағат 13.00 шамасында Қарағанды облысы Теміртау қалалық төтенше жағдайлар басқармасына белгісіз баланың дауысында біреу хабарласып, 20 мектепті және онда бар барлық адамдарды жарамын деп мәлімдеген.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің жедел кезекшісімен оқиға орынына саперлермен барлық жедел қызметтер жіберілді. Полиция қызметкерлерімен мектептен барлығы 500 адам, яғни мұғалімдер мен оқушылар эвакуцияланды. Сондай-ақ мектептің айналасы полиция қызметкерлерімен қоршауға алынды.
Білім беру мекемесіне жүргізілген тексеру жұмыстары барысында оның ішінен ешқандай жарылғыш зат анықталған жоқ. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабына (Терроризм актісі туралы көрнеу жалған хабарлау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.
Теміртау қалалық Полиция басқармасы экстремизмге қарсы күрес бөлімі қызмектерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында сол мектепте оқитын 12 жастағы оқушы анықталды. Ол үйіне ерте кету үшін мектепте жарылғыш зат бар деп хабарлағаны туралы түсіндірді.