https://sputnik.kz/20221221/pavlodarda-6-zhasar-bala-ort-kezinde-qaytys-boldy-30502715.html
Павлодарда 6 жасар бала өрт кезінде қайтыс болды
Павлодарда 6 жасар бала өрт кезінде қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Павлодар қаласындағы жеке меншік үйде болған өрт кезінде 6 жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық... 21.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-21T14:27+0500
2022-12-21T14:27+0500
2022-12-21T14:27+0500
өрт
павлодар
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0b/26661933_0:742:2223:1992_1920x0_80_0_0_620d5b6b5fda6f69d1ba950b16c97214.jpg
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Павлодар қаласындағы жеке меншік үйде болған өрт кезінде 6 жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. Ресми мәліметке сәйкес, бүгін түнгі сағат 01.03-де Алтайская 9/2 көшесіндегі төрт пәтерлі жеке меншік үйдегі өрт туралы хабар түсті. Оқиға орнына 9 көлікпен 40 өрт сөндіруші барды. Төтенше жағдай кезінед бес бөлмелі пәтер толығымен жанып кетті. Шатыры опырылып түсті. Ал екі бөлмелі пәтерде қабырғалар мен шатыр отқа оранды. Төбенің жартысы құлап түсті. "Өрт сөндіру кезінде пәтерлердің бірінде 6 жасар баланың мәйіті табылды. 39 жастағы анасы мен 60 жастағы әжесі ауруханаға жеткізілді", - дейді құтқарушылар. Бұдан бөлек, үйде 37 жастағы ер адам болған. Ол қатты жарақат алмады. Ауруханаға жатқызылған жоқ. Құтқарушылар өртті сағат 03:01-де толығымен өшірді. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Өрт сөндірушілер екі пәтерден 50 литрлік газ баллондарын да алып шықты. Айта кетері, 19 желтоқсанда Павлодар облысының Тереңкөл ауылындағы өрт кезінде атасы мен немересі қайтыс болды.
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0b/26661933_0:381:2223:2048_1920x0_80_0_0_c5cb0d4b4bb884bb86e21c6f1527fda5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өрт, павлодар
Павлодарда 6 жасар бала өрт кезінде қайтыс болды
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Павлодар қаласындағы жеке меншік үйде болған өрт кезінде 6 жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін түнгі сағат 01.03-де Алтайская 9/2 көшесіндегі төрт пәтерлі жеке меншік үйдегі өрт туралы хабар түсті. Оқиға орнына 9 көлікпен 40 өрт сөндіруші барды.
Төтенше жағдай кезінед бес бөлмелі пәтер толығымен жанып кетті. Шатыры опырылып түсті. Ал екі бөлмелі пәтерде қабырғалар мен шатыр отқа оранды. Төбенің жартысы құлап түсті.
"Өрт сөндіру кезінде пәтерлердің бірінде 6 жасар баланың мәйіті табылды. 39 жастағы анасы мен 60 жастағы әжесі ауруханаға жеткізілді", - дейді құтқарушылар.
Бұдан бөлек, үйде 37 жастағы ер адам болған. Ол қатты жарақат алмады. Ауруханаға жатқызылған жоқ. Құтқарушылар өртті сағат 03:01-де толығымен өшірді. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Өрт сөндірушілер екі пәтерден 50 литрлік газ баллондарын да алып шықты.
Айта кетері, 19 желтоқсанда Павлодар облысының Тереңкөл ауылындағы өрт кезінде
атасы мен немересі қайтыс болды.