Павлодар облысында өрт кезінде атасы мен немересі қайтыс болды

© Sputnik / Владислав ВодневЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Павлодар облысында жер үй жанып кетті. Үйінділердің арасынан зейнеткер мен 6 жасар немересінің мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 19 желтоқсан түнгі сағат 23:13-те Тереңкөл ауылындағы өрт туралы хабар түскен. Елгина, 16 мекенжайындағы қамыс үй отқа оранған. Тілсіз жау 64 шаршы метрге шарпыған. Шатыры опырылып түскен. Көршілері үш жасар қызды алып шыққан. Оның беті күйіп қалған. Баланы дереу ауруханаға жеткізді.
Өрт болған үйді қарау кезінде үйіндінің арасынан 1958 жылы туған ер адам мен 2016 жылы туған ұлдың денесі табылды.
Төтенше жағдай болған жерге үш көлікпен 21 өрт сөндіруші барған. Өрт сағат 01:47-де толығымен өшірілді.
Алты адамның өмірін жалмаған өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.12.2022
Оқиға
Қарағанды облысында өрттен алты адам қаза болды
Жаңалықтар
0