Өңірлер

Екібастұз ЖЭО-сын мемлекетке қайтару мәселесі аудиттен кейін шешіледі

© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской области/Валерий Бугаев Жылу желілері
Жылу желілері - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Келесі жылдың бірінші тоқсанында Екібастұз жылу электр орталығына аудит жүргізіледі. Тек содан кейін ғана мемлекетке қайтару мәселесі туралы шешім қабылданады. Бұл туралы бірінші вице-премьер Роман Скляр мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Скляр олигарх Клебановтың Екібастұз ЖЭО-ны мемлекетке 1 теңгеге сату туралы ұсынысына пікір білдірді.
"Екібастұз ЖЭО-ның меншік иелері мемлекетке 1 теңгеге қайтаруды ұсынды. Бірақ бізге мынаны түсіну қажет: олар оны қандай күйде қайтарады? Құжаттарда көрсетілген қаражаттың бәрі сыртқа шығарылмай, шынымен осы жылу электр орталығына жұмсалды ма? Сондықтан бізге мұқият аудит жүргізу қажет. Келесі жылдың бірінші тоқсанында аудит жүргіземіз. Осыдан кейін ғана оны мемлекетке қайтару бойынша шешім қабылданады", - деп жауап берді Скляр.
Оның айтуынша, қазір ЖЭО-да ревизия жүргізіліп жатыр. Осы орайда Скляр қаладағы төтенше жағдайды Екібастұз тарихындағы ірі апат деп атады.

"Күрделі жөндеуге қанша инвестиция бағытталғаны тексеріліп жатыр. Қағаз жүзінде барлық жылу желісінің беріктігі тексерілген. Оны жүргізген жауапты лауазымды тұлғаның қолы қойылған. Бірақ соған қарамастан, жылу желілерінде Екібастұз тарихындағы ірі апат болды", - деді вице-премьер.

Апат себептерін энергетикалық қадағалау комитеті мен құқық қорғау органдары анықтап жатыр. Олар кейін тергеу қорытындысын жариялайды.
Екібастұз - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2022
Екібастұздағы апатқа қатысы барлардың бәрі жазаланады – Скляр
Жаңалықтар
0