https://sputnik.kz/20221220/ekibastuz-apatqa-qatysy-barlar-zhazalanady-30468811.html
Екібастұздағы апатқа қатысы барлардың бәрі жазаланады – Скляр
Екібастұздағы апатқа қатысы барлардың бәрі жазаланады – Скляр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Бірінші вице-премьер Роман Скляр Екібастұздағы төтенше жағдайға қатысы бар барлық адам жауапқа тартылатынын айтты, деп... 20.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-20T12:43+0500
2022-12-20T12:43+0500
2022-12-20T12:58+0500
екібастұз
апат
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1c/29782482_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_8e6e13bb09d7dd2530345280dce46e27.jpg
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Бірінші вице-премьер Роман Скляр Екібастұздағы төтенше жағдайға қатысы бар барлық адам жауапқа тартылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Ол қазір құқық қорғау органдары апаттың себептерін тергеп жатқанын атап өтті. Айтуынша, құқық қорғау органдары апат себептері мен төтенше жағдайды жою алгоритмін зерделеп, тексереді. Сосын өз бағасын береді. Скляр Екібастұз тарихындағы ірі апат салдарынан қаладағы 149 тұрғын үй жылумен жабдықтау жүйесінен ажырап қалғанын еске салды. 70 тұрғын үй апаттан кейінгі бірінші күні жылуға қосылған. Қалған 70 тұрғын үйде проблема туындап, сегіз күн бойы жылу болған жоқ. Еске салсақ, Екібастұз ЖЭО-да төтенше жағдай 27 қарашаға қараған түні болды. Отыз градус қақаған аязда тұрғындар жылусыз және ыстық сусыз қалды. Қалада жергілікті ауқымда техногенді сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Осы оқиғадан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының әкімі болған Әбілқайыр Ысқақовты қызметінен босатты.
https://sputnik.kz/20221218/ekibastuzda-balabaqshalar-19-zheltoqsanda-zhumysyn-qayta-bastaydy-biraq-ata-analar-narazy-30417609.html
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1c/29782482_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_16662e5e21ea31c067c02d657369640e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
екібастұз, апат
Екібастұздағы апатқа қатысы барлардың бәрі жазаланады – Скляр
12:43 20.12.2022 (жаңартылды: 12:58 20.12.2022) АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Бірінші вице-премьер Роман Скляр Екібастұздағы төтенше жағдайға қатысы бар барлық адам жауапқа тартылатынын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол қазір құқық қорғау органдары апаттың себептерін тергеп жатқанын атап өтті.
"Осы апатқа қатысы бар, сондай-ақ өз әрекетімен төтенше жағдайды жою мәселесінің шешілуін созбалаңға салғандардың бәрі жауапкершілікке тартылады", - деді Скляр үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Айтуынша, құқық қорғау органдары апат себептері мен төтенше жағдайды жою алгоритмін зерделеп, тексереді. Сосын өз бағасын береді. Скляр Екібастұз тарихындағы ірі апат салдарынан қаладағы 149 тұрғын үй жылумен жабдықтау жүйесінен ажырап қалғанын еске салды. 70 тұрғын үй апаттан кейінгі бірінші күні жылуға қосылған. Қалған 70 тұрғын үйде проблема туындап, сегіз күн бойы жылу болған жоқ.
Еске салсақ, Екібастұз ЖЭО-да төтенше жағдай 27 қарашаға қараған түні болды. Отыз градус қақаған аязда тұрғындар жылусыз және ыстық сусыз қалды. Қалада жергілікті ауқымда техногенді сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды.
Осы оқиғадан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының әкімі болған Әбілқайыр Ысқақовты қызметінен босатты.