Ақтөбе облысындағы жол апаты: спортшы балалардың қазіргі жағдайы қалай

© Sputnik / Абзал КалиевАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Денсаулық вице-министрі Вячеслав Дудник Ақтөбе облысында жол апатына түскен спортшы балалардың жағдайымен танысты. Сол жерде медицина саласының жетекші мамандары консилиум өткізілді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Балалар жатқан ауруханаға вице-министрмен бірге Астана қаласындағы медициналық орталықтардың жетекші мамандары – Ұлттық нейрохирургия орталығының бас балалар нейрохирургы, балалар анестезиолог-реаниматологы, ұлттық ана мен бала орталығы балалар травматолог-ортопеді де барды.
Мамандар жазатайым оқиға салдарынан зардап шеккен барлық балаларды қарап шықты, науқастарды емдеу мен жүргізудің одан әрі тактикасы туралы келісімге келді.
Сондай-ақ, дәрігерлер зардап шеккен балалардың туыстарымен сөйлесіп, балалардың қазіргі жағдайын, ем-дом шаралары мен одан әрі қарау мәселесін түсіндірді.
"Жаттықтырушының жағдайы әлі де ауыр күйде, көпсалалы облыстық аурухананың мамандары М. Оспанов атындағы БҚМУ профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен консилиум өткізді. Сонымен қатар, пациентті одан әрі қарау тактикасын келісу үшін Нейрохирургия орталығының (Астана) мамандарымен телемедициналық кеңес өткізілді", - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі уақытта зардап шеккендерге медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр.
Еске салсақ, 17 желтоқсанда Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тас жолының 68 шақырымында Toyota Estima аударылды. Салонда 11 адам отырған. Оның 9-ы – 2010-2011 жылғы балалар, екеуі – ересек (мектеп директорының орынбасары және жаттықтырушы).
Олар волейболдан жарысқа қатысу үшін Шұбарқұдық ауылынан Ақтөбе қаласына бара жатқан.
Көлікті мектеп директорының орынбасары басқарған.
Жол апаты салдарынан бір бала оқиға орнында көз жұмды. Қалған 8 бала Ақтөбе қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Жаттықтырушы комаға түсті.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2022
Өңірлер
Ақтөбе облысындағы жол апаты: 5 оқушы жансақтау бөлімінде жатыр
Жаңалықтар
0