Өңірлер

Ақтөбе облысындағы жол апаты: 5 оқушы жансақтау бөлімінде жатыр

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 18 желтоқсан – Sputnik. Ақтөбе облысында жарысқа бара жатып жол апатына түскен 9 оқушының бесеуі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ақтөбе облысы әкімдігінің ақпаратынша, бес оқушының жағдайы тұрақты ауыр.
Үш баланың жағдайы орташа, олар хирургиялық бөлімде ем алып жатыр.
Балаларға медициналық көмек тәулік бойы көрсетіліп, тұрақты бақылау жүргізілуде. Аурухана барлық қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген.
"Ата-аналарға балаларды емдеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат беріледі. Бүгінде олар реанимациялық және хирургиялық бөлімшелерге жіберілді", - деді облыс әкімдігі аппаратының басшысы Ержан Байтанаев.
Бұл іс облыс әкімі Ералы Тоғжановтың ерекше бақылауында.
Еске салсақ, кеше Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тас жолының 68 шақырымында Toyota Estima аударылды. Салонда барлығы 11 адам отырған. Оның 9-ы – 2010-2011 жылғы балалар, екеуі – ересек (мектеп директорының орынбасары және жаттықтырушы).
Олар волейболдан жарысқа қатысу үшін Шұбарқұдық ауылынан Ақтөбе қаласына бара жатқан.
Көлікті мектеп директорының орынбасары басқарған.
Жол апаты салдарынан бір бала оқиға орнында көз жұмды. Қалған 8 бала Ақтөбе қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Жаттықтырушы комада жатыр.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2022
Өңірлер
Оқушылар мінген көлік аударылды: рөлде мектеп директорының орынбасары отырған
Жаңалықтар
0