Өңірлер

Оқушылар мінген көлік аударылды: рөлде мектеп директорының орынбасары отырған

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2022
Жазылу
Жол апаты салдарынан бір бала көз жұмды, сегіз бала ауруханада жатыр
АЛМАТЫ, 18 желтоқсан - Sputnik. Ақтөбеде жол апатына ұшыраған автокөліктің рөлінде спорт мектебі директорының орынбасары отырған. Жаттықтырушы комада жатыр, деп хабарлайды "Диапазон".
Полиция департаментінің мәліметінше, 11 адам жеңіл көлікпен келе жатқан. Балалармен бірге екі ересек адам болған, бірі – спорт мектебі директорының орынбасары, ол көлік жүргізген. Ал екіншісі жаттықтырушы.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бапкер қазір комада жатыр, жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. 21 жастағы жігіттің мойын омыртқасы сынған, қолында және басқа жарақаттар бар. Жағдайы ауыр.
Дәрігерлер зардап шеккендерді құтқару үшін бар күшін салып жатыр.
Бұл ретте көпшілікті "Неге спортшылар жарысқа автобуспен барған жоқ? Неліктен мұндай жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін полиция олармен бірге ілесіп жүрмеді?" деген сұрақтар мазалап жатыр.
Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаровтың айтуынша, балалар мектептен босатылмаған. Сондықтан директор оларды жарысқа жіберу туралы бұйрыққа қол қоймады. Тиісінше, полиция қызметіне балаларды облыс орталығына дейін алып жүру туралы хат жазған жоқ. Олар жарысқа 16 желтоқсанда баруы керек еді, бірақ тек 17 желтоқсанда таңертең жолға шыққан. Жаттықтырушы директорға ескертпестен спорт мектебі басшысының орынбасарынан балаларды қалаға апаруды өтінген.
Ал білім басқармасы волейболдан жарыс өтетінін білмегендіктен бұйрық шығарылмағанын айтады.
Оқиғаның себептерін полиция тергеп жатыр.
"Көліктің доңғалағы жарылғаны рас па?" деген сұраққа полиция департаменті сараптама жүргізіп жатырмыз деп жауап берді, оның нәтижелері кейінірек хабарланады.
Еске салсақ, Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тасжолының 68 шақырымында Toyota Estima аударылды. Көлікті Темір ауданының 32 жастағы тұрғыны басқарған.
Салонда барлығы 11 адам отырған. Оның 9-ы – 2010-2011 жылғы балалар, екеуі – ересек. Олар волейболдан жарысқа қатысу үшін Шұбарқұдық ауылынан Ақтөбе қаласына бара жатқан.
Жол апаты салдарынан бір бала оқиға орнында көз жұмды. Қалған 8 бала Ақтөбе қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер төрт баланың жағдайын өте ауыр деп бағалады.
Жаңалықтар
0