https://sputnik.kz/20221219/almatyda-politsiya-qyzmetkeri-feldsher-30423676.html
Полицей мен фельдшер алматылықты өрттен құтқарды
Полицей мен фельдшер алматылықты өрттен құтқарды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. "Буран-240" экипажы патрульдік полиция полкінің аға инспекторы Бағдат Әшеков пен фельдшер Руземов Тахир өз өмірін қатерге... 19.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-19T08:30+0500
2022-12-19T08:30+0500
2022-12-19T08:36+0500
алматы
полиция
https://sputnik.kz/img/07e5/03/05/16463314_0:136:3159:1912_1920x0_80_0_0_0567824307ccbdb1d33ff6fd8cd2819c.jpg
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. "Буран-240" экипажы патрульдік полиция полкінің аға инспекторы Бағдат Әшеков пен фельдшер Руземов Тахир өз өмірін қатерге тігіп, Алматының Медеу ауданында өртеніп жатқан үйден әйелді аман алып шықты. Бұл туралы Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Жексенбі таңертең Ахмедсафин көшесіндегі жер үйдің шатыры өртенді. Жалын 120 шаршы метрге жайылып, іргелес тұрғын үйге таралу қаупін тудырды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін инспектор мен фельдшер аяғына жасалған отадан кейін өз бетімен үйден шыға алмаған 31 жастағы әйелді өрттен алып шықты. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 6 техникасы мен 30 қызметкері және қалалық өзара іс-қимыл қызметі жұмылдырылды. Әйелді құтқару кезінде Бағдат Әшеков шыныдан жарақат алып, тиісті медициналық көмек көрсетілген.
https://sputnik.kz/20221210/khabib-nurmagomedov-dostaryn-qutqargan-atyraulyq-oqushy-30236669.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/05/16463314_213:0:2944:2048_1920x0_80_0_0_4563d6da630c35c98bd9cd7ed262b649.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, полиция
Полицей мен фельдшер алматылықты өрттен құтқарды
08:30 19.12.2022 (жаңартылды: 08:36 19.12.2022) АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. "Буран-240" экипажы патрульдік полиция полкінің аға инспекторы Бағдат Әшеков пен фельдшер Руземов Тахир өз өмірін қатерге тігіп, Алматының Медеу ауданында өртеніп жатқан үйден әйелді аман алып шықты. Бұл туралы Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жексенбі таңертең Ахмедсафин көшесіндегі жер үйдің шатыры өртенді. Жалын 120 шаршы метрге жайылып, іргелес тұрғын үйге таралу қаупін тудырды.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін инспектор мен фельдшер аяғына жасалған отадан кейін өз бетімен үйден шыға алмаған 31 жастағы әйелді өрттен алып шықты.
Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 6 техникасы мен 30 қызметкері және қалалық өзара іс-қимыл қызметі жұмылдырылды.
Әйелді құтқару кезінде Бағдат Әшеков шыныдан жарақат алып, тиісті медициналық көмек көрсетілген.