Өңірлер

Хабиб Нурмагомедов достарын құтқарған атыраулық балаға сыйлық беріп жіберді

© Photo : Polisia.kzАтыраулық бала
Атыраулық бала - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. UFC-дің экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедов Атырауда екі досын құтқарған 8 жастағы Дінмұхаммед Жаңбырбайға сыйлық беріп жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Танымал спортшы Атыраудағы Batyr Ball турниріне келген. Сол кезде жүргізуші оған екі баланы құтқарған мектеп оқушысының видеосын көрсетті. 8 жасар Дінмұхаммед Жаңбырбай жұқа мұзға қарамастан, суға түсіп кеткен досын алып шықты. Ол шыққаннан кейін үшінші серігіне шығуға көмектесті.
Хабиб Нурмагомедов кішкентай баланың ерлігіне риза болды. Желіде спортшының видеосы жарияланды.
"Жарайсың дегім келеді. Балалар киіммен болды, су салқын, өте қиын. Біріншіден, психологиялық тұрғыда сол жерден кетпеудің өзі үлкен ерлік. Өз атымнан мына кітапты сыйлаймын. Бір күні кездесеміз деп үміттенемін", - деді Нурмагомедов.
Турнирге Дінмұхаммедті де шақырған. Бірақ ол келе алмады.
Жаңалықтар
0