https://sputnik.kz/20221216/sqo-da-gaz-ballony-zharyldy-30385794.html
СҚО-да газ баллоны жарылды – үй иесі қайтыс болды
СҚО-да газ баллоны жарылды – үй иесі қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 желтоқсан – Sputnik. Тайынша қаласында газ баллонын пайдалану ережесін бұзу салдарынан қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды Петропавловск.news... 16.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-16T11:23+0500
2022-12-16T11:23+0500
2023-08-09T12:49+0500
газ баллоны
солтүстік қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/07e5/02/17/16360454_0:157:3083:1891_1920x0_80_0_0_76e9759ab63393f38b94cfb3a1aba2fb.jpg
АСТАНА, 16 желтоқсан – Sputnik. Тайынша қаласында газ баллонын пайдалану ережесін бұзу салдарынан қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды Петропавловск.news порталы. Қала тұрғыны далада тұрған газ баллонын үйге кіргізген. Жылы жерге кіргізгенде баллон жарылып, газ тұтанып кеткен. Үй өртенген. Ал 36 жастағы иесі ауруханаға жеткізілген. Денесінің 60 процентін күйік шалған. Төтенше жағдай 6 желтоқсанда болған. Алты күннен кейін зардап шеккен ер адам алған жарақатынан көз жұмды. Ресми мәліметке сәйкес, бір апта ішінде Солтүстік Қазақстан облысында 25 өрт тіркеліп, 3 адам қайтыс болған. Бұдан бөлек, 4 адам жарақат алған. Мәселен, Есіл ауданындағы Николаевка ауылында жеке меншік үй өртеніп кетті. Оқиға орнында 81 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Ал Новоселовка ауылында 40 жастағы ер адам қайтыс болды. Оның пеші де қатты қызып кеткен. Соның салдарынан өрт шыққан.
https://sputnik.kz/20221211/qaragandyda-uyde-gaz-ballony-zharyldy--bir-adam-qaytys-boldy-30250099.html
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/17/16360454_176:0:2907:2048_1920x0_80_0_0_615f4a9714c15fa85bb5988dc48604ac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ баллоны, солтүстік қазақстан облысы
газ баллоны, солтүстік қазақстан облысы
СҚО-да газ баллоны жарылды – үй иесі қайтыс болды
11:23 16.12.2022 (жаңартылды: 12:49 09.08.2023) АСТАНА, 16 желтоқсан – Sputnik. Тайынша қаласында газ баллонын пайдалану ережесін бұзу салдарынан қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды
Петропавловск.news порталы.
Қала тұрғыны далада тұрған газ баллонын үйге кіргізген. Жылы жерге кіргізгенде баллон жарылып, газ тұтанып кеткен. Үй өртенген. Ал 36 жастағы иесі ауруханаға жеткізілген. Денесінің 60 процентін күйік шалған.
Төтенше жағдай 6 желтоқсанда болған. Алты күннен кейін зардап шеккен ер адам алған жарақатынан көз жұмды.
Ресми мәліметке сәйкес, бір апта ішінде Солтүстік Қазақстан облысында 25 өрт тіркеліп, 3 адам қайтыс болған. Бұдан бөлек, 4 адам жарақат алған.
Мәселен, Есіл ауданындағы Николаевка ауылында жеке меншік үй өртеніп кетті. Оқиға орнында 81 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Ал Новоселовка ауылында 40 жастағы ер адам қайтыс болды. Оның пеші де қатты қызып кеткен. Соның салдарынан өрт шыққан.