https://sputnik.kz/20221211/qaragandyda-uyde-gaz-ballony-zharyldy--bir-adam-qaytys-boldy-30250099.html
Қарағандыда үйде газ баллоны жарылды – бір адам қайтыс болды
Қарағандыда үйде газ баллоны жарылды – бір адам қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Қарағанды қаласында үйде тұрған газ баллоны жарылды. Үш адам ауруханаға түсті, біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik... 11.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-11T14:31+0500
2022-12-11T14:31+0500
2022-12-11T14:35+0500
оқиға
қарағанды
газ
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0b/30250153_170:0:1098:522_1920x0_80_0_0_894fb85b4692880c2f8c7a61949259d2.jpg
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Қарағанды қаласында үйде тұрған газ баллоны жарылды. Үш адам ауруханаға түсті, біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, 9 желтоқсан сағат 12:19-да Петрозаводская көшесіндегі өрт туралы ақпарат түскен. Үйде тұрған 50 литрлік газ баллоны жарылған. Салдарынан өрт басталды. Төтенше жағдай кезінде 70 жастағы ер адам, 69 жастағы әйелі мен 8 жасар немерелері ауруханаға жеткізілді. "Ер адам қайтыс болды. Әйел мен бала аман, ауруханада жатыр", - деді дәрігерлер.Білім басқармасы зардап шеккен үйде көпбалалы отбасы тұрғанын хабарлады. "9 желтоқсанда 36-мектепте істейтін әріптесіміздің үйі жанып кетті. Отбасы баспанасыз қалды. Қажетті заттары мен киімі де жоқ", - делінген ресми хабарламада. Үйде төрт бала бар. Сол күні 3-сынып оқушысы ата-әжесімен бірге қалған. Ал ата-анасы жұмыста болды. Балаларының үлкені 12 жаста, ал кенжесі екіге келді.
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0b/30250153_286:0:982:522_1920x0_80_0_0_c213004618aaffd00357731d5b190fff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды, газ
Қарағандыда үйде газ баллоны жарылды – бір адам қайтыс болды
14:31 11.12.2022 (жаңартылды: 14:35 11.12.2022) АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Қарағанды қаласында үйде тұрған газ баллоны жарылды. Үш адам ауруханаға түсті, біреуі көз жұмды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, 9 желтоқсан сағат 12:19-да Петрозаводская көшесіндегі өрт туралы ақпарат түскен. Үйде тұрған 50 литрлік газ баллоны жарылған. Салдарынан өрт басталды.
"Үйдің шатыры өртке оранды. Тілсіз жау 70 шаршы метрді шарпыды. Сыртқы қабырғасы да опырылып түсті. Өрт бір сағат ішінде өшірілді", - дейді құтқарушылар.
Төтенше жағдай кезінде 70 жастағы ер адам, 69 жастағы әйелі мен 8 жасар немерелері ауруханаға жеткізілді.
"Ер адам қайтыс болды. Әйел мен бала аман, ауруханада жатыр", - деді дәрігерлер.
Білім басқармасы зардап шеккен үйде көпбалалы отбасы тұрғанын хабарлады.
"9 желтоқсанда 36-мектепте істейтін әріптесіміздің үйі жанып кетті. Отбасы баспанасыз қалды. Қажетті заттары мен киімі де жоқ", - делінген ресми хабарламада.
Үйде төрт бала бар. Сол күні 3-сынып оқушысы ата-әжесімен бірге қалған. Ал ата-анасы жұмыста болды. Балаларының үлкені 12 жаста, ал кенжесі екіге келді.