Садыр Жапаров Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

© Photo : Пресс-служба Президента Республики КазахстанҚасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 16 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, елімізге бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
Мемлекет басшысы Қырғызстан президентіне құттықтағаны үшін ризашылығын білдіріп, бауырлас қырғыз елімен көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.
Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамуына көңілі толатынын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.12.2022
Қоғам
Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтауымыз керек – Тоқаев
Жаңалықтар
0