Ресей елшілігі Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

© Sputnik / Абзал КалиевҚазақстан туы
Қазақстан туы - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 16 желтоқсан - Sputnik. Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігі Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

"1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан қысқа мерзімде таңғаларлық табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі таңда Қазақстан әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі жоғары, қалыптасқан демократиялық құқықтық мемлекет, әлемнің толыққанды және беделді мүшесі. Бұл қазақстандықтардың бірлігі мен ынтымағы, отансүйгіштігі мен ұлттық құндылықтарға деген адалдығының арқасында мүмкін болды", - делінген құттықтауда.
"Біз достарымыздың табысы мен республиканың барлық жетістігіне шын жүректен қуанамыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған елдегі ауқымды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру бағытын құптаймыз", - деп атап өтті елшілік.
Мәскеу мен Астана егемендікті, аумақтық тұтастықты құрметтеуге және бір-бірінің ішкі ісіне араласпауға негізделген стратегиялық әріптестік пен интеграциялық байланыстарды одан әрі нығайту бағытын ұстанатынын бірнеше рет растады. Бұл ұстанымдар Ресей-Қазақстан мәңгілік достығы мен одақтастығының тірегі болып қала береді, делінген құттықтауда.
Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.12.2022
Қоғам
Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтауымыз керек – Тоқаев
Жаңалықтар
0