https://sputnik.kz/20221213/zhyl-basynan-beri-18-mynga-tarta-etnikalyq-qazaq-qandas-martebesin-aldy-30268661.html
Жыл басынан бері 18 мыңға тарта этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Жыл басынан бері 18 мыңға тарта этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. 2022 жылдың басынан бері 18 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік... 13.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-13T07:00+0500
2022-12-13T07:00+0500
2023-08-09T12:30+0500
қандастар
шетелдегі қазақтар
https://sputnik.kz/img/1210/50/12105086_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_b36439b4765a52695bf400e23d0477cf.jpg
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. 2022 жылдың басынан бері 18 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (63,5%) Өзбекстаннан, 9,9% – Ресейден, 9,1% – Түрікменстаннан, 8,6% – ҚХР-дан, 4,9% – Моңғолиядан, 4% – басқа елдерден.Елге оралған этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,1%), Маңғыстау (17,7%), Түркістан (8,3%) және Жамбыл (6,1%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (5,5%), Астана (9,1%) және Шымкент (6,6%) қалаларына қоныстанды.Биылғы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,4%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 26,9%-ды және зейнеткерлер 13,7%-ды құрайды.Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 20%-ы жоғары білімді, 39,4%-ы орта кәсіби білімді, 38,9%-ы жалпы орта білімді және 1,7%-ының білімі жоқ.
https://sputnik.kz/20220513/qandas-martebesi-egovkz-portaly-24786926.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1210/50/12105086_223:0:2000:1333_1920x0_80_0_0_8ae83ecdab78ff3cbba73a30548cade2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қандастар, шетелдегі қазақтар
қандастар, шетелдегі қазақтар
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. 2022 жылдың басынан бері 18 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
"2022 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 17 888 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 105,7 мың этникалық қазақ оралды", - деп жазылған хабарламада.
Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (63,5%) Өзбекстаннан, 9,9% – Ресейден, 9,1% – Түрікменстаннан, 8,6% – ҚХР-дан, 4,9% – Моңғолиядан, 4% – басқа елдерден.
Елге оралған этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,1%), Маңғыстау (17,7%), Түркістан (8,3%) және Жамбыл (6,1%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (5,5%), Астана (9,1%) және Шымкент (6,6%) қалаларына қоныстанды.
Биылғы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,4%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 26,9%-ды және зейнеткерлер 13,7%-ды құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 20%-ы жоғары білімді, 39,4%-ы орта кәсіби білімді, 38,9%-ы жалпы орта білімді және 1,7%-ының білімі жоқ.