https://sputnik.kz/20220513/qandas-martebesi-egovkz-portaly-24786926.html
Енді қандас мәртебесін eGov.kz порталы арқылы алуға болады
Енді қандас мәртебесін eGov.kz порталы арқылы алуға болады
Sputnik Қазақстан
Бұрын азаматтар қандас мәртебесін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып рәсімдейтін 13.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-13T10:34+0500
2022-05-13T10:34+0500
2023-08-09T09:33+0500
қоғам
қандастар
мәртебе
электрондық үкімет
https://sputnik.kz/img/1165/17/11651732_0:108:1198:782_1920x0_80_0_0_6c6ddb4e02a7cb2fe8f0a1e563b25a48.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, "Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту" мемлекеттік қызметін цифрлық форматқа көшірді. Енді оны электронды үкімет (eGov.kz) порталында алуға болады.Бұрын бұл қызмет Халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетіліп келді. Енді қандас мәртебесіне eGov.kz порталында өтініш беруге болады. Ол үшін өтініш берушінің ЖСН мен электронды цифрлық қолтаңбасы болуға тиіс.Өтініш беруші барлық міндетті жолды толтырып, сұратылған құжаттарды қоса ұсынуы қажет. Тіркелген файлдар pdf немесе jpg форматында қабылданады.Сондай-ақ өтініш беруші отбасы мүшелері бойынша да мәліметтерді толтыра алады. Отбасы мүшелерінің санына шектеу жоқ. Осыдан кейін қолжетімді тәсілдердің бірімен сұрау салуға қол қою қажет.Ұсынылған деректер еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелері арқылы тексеріледі.Мемлекеттік қызмет 4 жұмыс күні ішінде көрсетіледі."Нәтижесінде өтініш беруші қандас куәлігін алады немесе жергілікті атқарушы орган қандас мәртебесін ұзарту туралы шешім қабылдайды. Өтініште ұсынылған құжаттар мен мәліметтер дұрыс болмаған жағдайда, қолданушыға мемлекеттік қызмет көрсетілмейді", - деді еңбек министрлігі.Нәтижелер электронды құжат түрінде қолданушының "Жеке кабинетіне" жіберіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1165/17/11651732_131:0:1198:800_1920x0_80_0_0_ed3f52240c48f1af4841312eb2643ee3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қандастар, мәртебе, электрондық үкімет
қандастар, мәртебе, электрондық үкімет
Енді қандас мәртебесін eGov.kz порталы арқылы алуға болады
10:34 13.05.2022 (жаңартылды: 09:33 09.08.2023) Бұрын азаматтар қандас мәртебесін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып рәсімдейтін
НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, "Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту" мемлекеттік қызметін цифрлық форматқа көшірді. Енді оны электронды үкімет (eGov.kz) порталында алуға болады.
Бұрын бұл қызмет Халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетіліп келді. Енді қандас мәртебесіне eGov.kz порталында өтініш беруге болады. Ол үшін өтініш берушінің ЖСН мен электронды цифрлық қолтаңбасы болуға тиіс.
Өтініш беруші барлық міндетті жолды толтырып, сұратылған құжаттарды қоса ұсынуы қажет. Тіркелген файлдар pdf немесе jpg форматында қабылданады.
Сондай-ақ өтініш беруші отбасы мүшелері бойынша да мәліметтерді толтыра алады. Отбасы мүшелерінің санына шектеу жоқ. Осыдан кейін қолжетімді тәсілдердің бірімен сұрау салуға қол қою қажет.
Ұсынылған деректер еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелері арқылы тексеріледі.
Мемлекеттік қызмет 4 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
"Нәтижесінде өтініш беруші қандас куәлігін алады немесе жергілікті атқарушы орган қандас мәртебесін ұзарту туралы шешім қабылдайды. Өтініште ұсынылған құжаттар мен мәліметтер дұрыс болмаған жағдайда, қолданушыға мемлекеттік қызмет көрсетілмейді", - деді еңбек министрлігі.
Нәтижелер электронды құжат түрінде қолданушының "Жеке кабинетіне" жіберіледі.