https://sputnik.kz/20221208/bala-kutimi-boyynsha-zhardemaqynyn-merzimi-uzartylady--parlament-zandy-qabyldady-30132200.html
Бала күтімі бойынша жәрдемақының мерзімі ұзартылады – парламент заңды қабылдады
Бала күтімі бойынша жәрдемақының мерзімі ұзартылады – парламент заңды қабылдады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Сенат депутаттары әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгеріс енгізу туралы заңды қабылдады... 08.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-08T11:03+0500
2022-12-08T11:03+0500
2022-12-08T11:03+0500
бала күтімі
жәрдемақы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d98eba81ee5241afee9e4512d3d1ddfc.jpg
АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Сенат депутаттары әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгеріс енгізу туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Осы құжатпен заңға бірнеше маңызды түзету енгізу жоспарланып отыр. Соның бірі – бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін бір жарым жасқа дейін ұлғайту. Бүгінде бұл жәрдемақы екі жерден – бюджеттен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді. Жұмыс істейтіндер қорға аударған жарналардың есебінен, ал жұмыссыздар бала күтіміне бюджеттен ақша алады. Келесі жылдан жәрдемақы бір жарым жылға ұзартылады. Оған қоса, айлық есептік көрсеткіш өседі. Соның арқасында бала күтіміне төленетін жәрдемақының мерзімі де, мөлшері де артады.Бұдан бөлек, заңда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшерін орташа айлық табыстың 45%-на дейін арттыру қарастарылған. Сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға ұсынылатын кепілдендірілген әлеуметтік пакетті монетизациялау тетігі бар.Заң президенттің қол қоюына жіберілді.
https://sputnik.kz/20220904/toqaevtyn-tapsyrmasy-zhardemaqy-27272304.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_491:0:2742:1688_1920x0_80_0_0_f498ff6b890b4f65f94aba87e9ab5e95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бала күтімі, жәрдемақы
Бала күтімі бойынша жәрдемақының мерзімі ұзартылады – парламент заңды қабылдады
АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Сенат депутаттары әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгеріс енгізу туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Осы құжатпен заңға бірнеше маңызды түзету енгізу жоспарланып отыр. Соның бірі – бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін бір жарым жасқа дейін ұлғайту. Бүгінде бұл жәрдемақы екі жерден – бюджеттен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді. Жұмыс істейтіндер қорға аударған жарналардың есебінен, ал жұмыссыздар бала күтіміне бюджеттен ақша алады. Келесі жылдан жәрдемақы бір жарым жылға ұзартылады. Оған қоса, айлық есептік көрсеткіш өседі. Соның арқасында бала күтіміне төленетін жәрдемақының мерзімі де, мөлшері де артады.
Бұдан бөлек, заңда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшерін орташа айлық табыстың 45%-на дейін арттыру қарастарылған. Сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға ұсынылатын кепілдендірілген әлеуметтік пакетті монетизациялау тетігі бар.
Заң президенттің қол қоюына жіберілді.