https://sputnik.kz/20221201/zhambyldagy-zharylys-bauyrzhan-dauitbaevtyn-suyegi-tabyldy-29911559.html
Жамбылдағы жарылыс: Бауыржан Дәуітбаевтың сүйегі табылды
Жамбылдағы жарылыс: Бауыржан Дәуітбаевтың сүйегі табылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевтың сүйегінің қалдықтары... 01.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-01T08:37+0500
2022-12-01T08:37+0500
2022-12-01T08:50+0500
жамбыл облысы
жарылыс
https://sputnik.kz/img/07e5/08/1a/17957854_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_564310f44d75e8c6ac4d899cb5d7f5a3.jpg
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевтың сүйегінің қалдықтары табылып, анықталды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.Ведомство мәліметінше, іздеу жұмыстары Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймаларындағы өрт пен жарылыстардан кейін 2021 жылғы 26 тамыздан бастап жүргізілді. Сүйек қалдықтарын бөлімнің әскери қызметшілері іздеу жұмыстары барысында тапты. Сондай-ақ тұрғын үй сатып алу үшін төлем қарастырылған. Оның мөлшері әскери қызметші қызмет еткен аймаққа және отбасы мүшелерінің санына байланысты. Сонымен қатар, марқұмның балаларын оқытуға және жұмысқа орналастыруға, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешуге көмек көрсетіледі. Әскери қоймадағы жарылыс26 тамызда кешкі 19:00 шамасында Байзақ ауданы Қайнар ауылында орналасқан Қазақстан қорғаныс министрлігінің 28349 әскери бөлімінде оқ-дәрі қоймасы (инженерлік-саперлік бригада) жарылды. Жақын маңдағы ауылдардың 1 200-ге жуық тұрғыны қауіпсіздік мақсатында Таразға көшірілді.Оқиғадан кейін қорғаныс министрі болған Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті.Тамыздың мамыражай кешінде ел тыныштығын бұзған жарылыстан жалпы 17 адам қаза тапты. Ал хабар-ошарсыз кеткен 34 жастағы сержант Бауыржан Дәуітбаевты іздеу жұмыстары бір жылдан астам уақытқа созылды.
https://sputnik.kz/20211222/Taraz-zharylys-serzhant-18954523.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/1a/17957854_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_61967a57e30c1b326a44ea74a92ee433.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, жарылыс
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевтың сүйегінің қалдықтары табылып, анықталды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
Ведомство мәліметінше, іздеу жұмыстары Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймаларындағы өрт пен жарылыстардан кейін 2021 жылғы 26 тамыздан бастап жүргізілді. Сүйек қалдықтарын бөлімнің әскери қызметшілері іздеу жұмыстары барысында тапты.
"Молекулярлық-генетикалық сараптама оның Бауыржан Дәуітбаевқа тиесілі екенін көрсетті. Жоғалған әскери қызметкердің сүйегінің қалдықтары мен қандас туыстарының ДНК талдаулары толығымен сәйкес келді.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес марқұмның отбасына жерлеу шығындары, атқаратын лауазымы бойынша бес жылдық ақшалай қаражат мөлшерінде біржолғы өтемақы төленетін болады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ тұрғын үй сатып алу үшін төлем қарастырылған. Оның мөлшері әскери қызметші қызмет еткен аймаққа және отбасы мүшелерінің санына байланысты.
Сонымен қатар, марқұмның балаларын оқытуға және жұмысқа орналастыруға, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешуге көмек көрсетіледі.
26 тамызда кешкі 19:00 шамасында Байзақ ауданы Қайнар ауылында орналасқан Қазақстан қорғаныс министрлігінің 28349 әскери бөлімінде оқ-дәрі қоймасы (инженерлік-саперлік бригада) жарылды.
Жақын маңдағы ауылдардың 1 200-ге жуық тұрғыны қауіпсіздік мақсатында Таразға көшірілді.
Оқиғадан кейін қорғаныс министрі болған Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті.
Тамыздың мамыражай кешінде ел тыныштығын бұзған жарылыстан жалпы 17 адам қаза тапты. Ал хабар-ошарсыз кеткен 34 жастағы сержант Бауыржан Дәуітбаевты іздеу жұмыстары бір жылдан астам уақытқа созылды.