https://sputnik.kz/20211222/Taraz-zharylys-serzhant-18954523.html
Жамбылдағы жарылыс: сержантты іздестіру жұмыстары неге ұзаққа созылып кетті
Жамбылдағы жарылыс: сержантты іздестіру жұмыстары неге ұзаққа созылып кетті
Sputnik Қазақстан
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, іздестіру жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр 22.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-22T11:16+0500
2021-12-22T11:16+0500
2023-08-10T12:14+0500
қоғам
тараз
жарылыс
видео
әскери қызметкер
https://sputnik.kz/img/07e5/08/1d/17984240_0:106:1620:1017_1920x0_80_0_0_0aa2818dd97edf729d3381e1059a6b3f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов Тараз маңындағы жарылыстан кейін із-түзсіз жоғалған 34 жастағы Бауыржан Дәуітбаевты іздестіру жұмыстары туралы айтты.Оның сөзінше, іздестіру жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр.Sputnik Қазақстан тілшісінің бұл жұмыстар неліктен ұзаққа созылып кетті деген сұрағына министрдің орынбасары мұны сол жерге барып анықтау керектігін айтты.Ол әскеридің қайда жоғалып кетуі мүмкін және қашып кетті немесе жарылыста қаза тапты деген ақпарат қаншалықты шындыққа жанасады деген сауалға да жауап берді."Жарылып кетуі екі талай. Денесінің бір бөлшегі болсын табылуы керек еді ғой", - дейді министрдің орынбасары.Әскери бөлімдегі жарылыс2021 жылдың 26 тамызы кешке Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймада өрт басталып, бір сағаттан кейін оқ-дәрілер жарыла бастады. Кем дегенде 10 жарылыс болған.Жақын маңдағы ауылдардың 1 200-ге жуық тұрғыны қауіпсіздік мақсатында Таразға көшірілді.Оқиғадан кейін қорғаныс министрі болған Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті, оның орнына Мұрат Бектанов тағайындалды.Қайғылы оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Жарылыс салдарынан 17 адам қаза болды.Бір адам хабар-ошарсыз кеткен еді. 34 жастағы сержант Бауыржан Дәуітбаев әскери бөлімде қызмет еткен.Оқи отырыңыз:
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/1d/17984240_87:0:1527:1080_1920x0_80_0_0_0402a477d56ef433e52bd0ee036a5a5c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тараз, жарылыс, әскери қызметкер
тараз, жарылыс, әскери қызметкер
Жамбылдағы жарылыс: сержантты іздестіру жұмыстары неге ұзаққа созылып кетті
11:16 22.12.2021 (жаңартылды: 12:14 10.08.2023) Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, іздестіру жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов Тараз маңындағы жарылыстан кейін із-түзсіз жоғалған 34 жастағы Бауыржан Дәуітбаевты іздестіру жұмыстары туралы айтты.
Оның сөзінше, іздестіру жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр.
Sputnik Қазақстан тілшісінің бұл жұмыстар неліктен ұзаққа созылып кетті деген сұрағына министрдің орынбасары мұны сол жерге барып анықтау керектігін айтты.
"Иә, келісемін. Жұмыстар ұзаққа созылып кетті. Жұмыстың неге ұзақ жүріп жатқанын сол жерге барып анықтау керек. Оқиға болғаннан бері іздестіру жұмыстары тоқтаған жоқ. Бұл ақпарат жариялауға жатпайды. Алайда өте ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді ол.
Ол әскеридің қайда жоғалып кетуі мүмкін және қашып кетті немесе жарылыста қаза тапты деген ақпарат қаншалықты шындыққа жанасады деген сауалға да жауап берді.
"Жарылып кетуі екі талай. Денесінің бір бөлшегі болсын табылуы керек еді ғой", - дейді министрдің орынбасары.
2021 жылдың 26 тамызы кешке Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймада өрт басталып, бір сағаттан кейін оқ-дәрілер жарыла бастады. Кем дегенде 10 жарылыс болған.
Жақын маңдағы ауылдардың 1 200-ге жуық тұрғыны қауіпсіздік мақсатында Таразға көшірілді.
Оқиғадан кейін қорғаныс министрі болған Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті, оның орнына Мұрат Бектанов тағайындалды.
Қайғылы оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Жарылыс салдарынан 17 адам қаза болды.
Бір адам хабар-ошарсыз кеткен еді. 34 жастағы сержант Бауыржан Дәуітбаев әскери бөлімде қызмет еткен.