Қоғам

Тараз түбіндегі жарылыс: қаза тапқан құтқарушылардың отбасы 20 млн теңгеден алады

© Photo : Предоставлено подписчикамиТЖ болған әскери бөлім аумағындағы жарылыстың салдары
ТЖ болған әскери бөлім аумағындағы жарылыстың салдары  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2021
Жазылу
Төтенше жағдай министрлігінің басшысы Тараз маңындағы жарылыстан көз жұмған құтқарушылардың отбасына берілетін төлемдер туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның төтенше жағдай министрі Юрий Ильин әскери қоймадағы жарылыстан қаза тапқан өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің отбасыларына қандай төлем берілетінін айтты.

Сақтандыру төлемін қоспағанда, қаза тапқан әр құтқарушының отбасы 20 миллион теңгеден алады, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

ТЖ министрі Юрий Ильин қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған батырлардың отбасына материалдық көмек сомасы неден құралатынын түсіндірді.

"Бүгінгі таңда үкімет тарапынан әр марқұмның отбасына 10 миллион теңгеден аудару туралы шешім қабылданды. Бес миллион теңге – жергілікті бюджет есебінен. Біз қызметкерлердің бір күндік жалақысын жинап, оны аудардық. ҚР ТЖМ есебінен ерікті түрде 5 миллион теңгеден беріледі. Емге мұқтаж жігіттерге көмек көрсетіледі. Мемлекет тарапынан міндетті сақтандыру жағдайы бар – қаза тапқандардың отбасыларына 60 айлық ақшалай үлес төленеді", - деп мәлімдеді ТЖМ басшысы.

Министр төлем әр қаза тапқан азаматтың заңды мұрагері анықталғаннан кейін төленетінін атап өтті.

Тараз түбіндегі оқ-дәрі жарылысы

26 тамыз күні кешке Тараз маңындағы әскери бөлімнің қоймаларының бірінде оқ-дәрі жарылды.

Төтенше жағдайдан қаза тапқандар саны 17 адамға жетті. Оның ішінде 10-ы – азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, алтауы – қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлері және бір әскери прокурор.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0