https://sputnik.kz/20221130/biyl-1228-myn-tonna-makaron-ondirildi-29866951.html
Биыл 122,8 мың тонна макарон өндірілді
Биыл 122,8 мың тонна макарон өндірілді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 30 қараша – Sputnik. 2022 жылдың 9 айында макарон өнімдерін шығаратын қазақстандық 40 кәсіпорын 122,8 мың тонна өнім өндірді, деп хабарлайды ауыл... 30.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-30T12:46+0500
2022-11-30T12:46+0500
2022-11-30T12:46+0500
қазақстан
экспорт
https://sputnik.kz/img/07e6/07/07/25978848_0:63:1280:783_1920x0_80_0_0_cc18d81c369bf46c2d74041d54fcb017.jpg
АЛМАТЫ, 30 қараша – Sputnik. 2022 жылдың 9 айында макарон өнімдерін шығаратын қазақстандық 40 кәсіпорын 122,8 мың тонна өнім өндірді, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.Макарон өнімін өндіру былтырғы мен салыстырғанда 5,8% өскен. Қазақстандықтар жылына орта есеппен 130 мың тоннаға жуық макарон тұтынады.Экспортқа келетін болсақ, шетелге 47,1 мың тонна сатылды, былтыр да экспорт көлемі дәл осындай болған. Қазақстанның макароны негізінен Ресей, Өзбекстан және Тәжікстанға кетеді.Сондай-ақ Қазақстанға әкелінетін шетелдік макарон көлемі азайған."Қаңтардан қыркүйекке дейінгі кезеңде елге тек 23,4 мың тонна шетелдік өнім әкелінді, бұл көрсеткіш 8,2%-ға төмендеді. Салыстыру үшін айта кетейік, 2021 жылдың осы кезеңінде 25,5 мың тонна импортталған болатын", - деп мәлімдеді министрлік.
https://sputnik.kz/20220901/qazaqstan-astyq-un-eksport-27179428.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/07/25978848_143:0:1280:853_1920x0_80_0_0_034d0cd52de7f443f49b370fecb3ae6c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, экспорт
Биыл 122,8 мың тонна макарон өндірілді
АЛМАТЫ, 30 қараша – Sputnik. 2022 жылдың 9 айында макарон өнімдерін шығаратын қазақстандық 40 кәсіпорын 122,8 мың тонна өнім өндірді, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Макарон өнімін өндіру былтырғы мен салыстырғанда 5,8% өскен. Қазақстандықтар жылына орта есеппен 130 мың тоннаға жуық макарон тұтынады.
Экспортқа келетін болсақ, шетелге 47,1 мың тонна сатылды, былтыр да экспорт көлемі дәл осындай болған. Қазақстанның макароны негізінен Ресей, Өзбекстан және Тәжікстанға кетеді.
Сондай-ақ Қазақстанға әкелінетін шетелдік макарон көлемі азайған.
"Қаңтардан қыркүйекке дейінгі кезеңде елге тек 23,4 мың тонна шетелдік өнім әкелінді, бұл көрсеткіш 8,2%-ға төмендеді. Салыстыру үшін айта кетейік, 2021 жылдың осы кезеңінде 25,5 мың тонна импортталған болатын", - деп мәлімдеді министрлік.