Қазақстанда астық пен ұнды экспорттау бойынша шектеуді алып тастады

© Pixabay / Bru-nOМука и зерно
Мука и зерно - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия астық пен ұнды экспорттау бойынша шектеулерді алып тастауға шешім шығарды.
Ал ірі қара мен ұсақ малды экспорттауға квота белгіленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сәйкес, биыл дәнді дақылдар жақсы жиналады деген болжам бар. 13 млн тоннадан астам бидай жиналса, өткен жылғы көрсеткіштен 12%-ға артық түседі. Ал ішкі нарыққа, шамамен, 6,5 млн тонна қажет. Осыған байланысты астық пен ұн экспорттауға енгізілген шектеулерді 10 қыркүйектен бастап алып тастауға шешім шығарылды.
Шектеу шаралары 8 шілде мен 30 қыркүйек аралығына енгізілген болатын.
"Сондай-ақ отырыс барысында аналық мал басын қоспағанда, ірі қара және ұсақ қара малды экспорттауға сандық шектеу (квоталар) белгілеу мақұлданды", - делінген ресми хабарламада.
2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша ірі қара мал саны – 9,4 млн бас, соның ішінде 4,5 млн сиыр, 3,2 млн төл бар. Қошқар экспорттауға 60 мың бас немесе жалпы мал басының 9%-ы, сондай-ақ 120 мың бас тоқты немесе жалпы мал басының 10%-ы мөлшерінде квота белгілеу туралы шешім қабылданды.
Айта кетері, 2022 жылғы 21 қаңтар мен 21 шілде аралығында ірі қара және ұсақ малды экспорттауға тыйым салынған болатын.
Жаңалықтар
0