Жетісу облысында жалған террорист мәжбүрлі жұмысқа тартылды

© SputnikАрхивтегі фото
Архивтегі фото   - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2022
Жазылу
Сот жалған террористің екі жылға бас бостандығын шектеп, 100 сағатқа мәжбүрлі жұмысқа тарту туралы үкім шығарды
ТАЛДЫҚОРҒАН, 29 қараша – Sputnik. Талдықорғанда сот бомба туралы жалған хабар берді деп айыпталған ер адамға үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сот залында жалған терроризм бойынша айыпталған 44 жастағы ер адамға үкім оқылды. Тамыз айының ортасында ол 102-ге телефон соғып, облыстық полиция ғимаратына бомба қойылғанын хабарлаған. Қоңырау жалған болып шықты.
Күдікті тез анықталып, қамауға алынды, ол жергілікті тұрғын болып шықты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеуге алынған ер адам қараша айында сот алдында жауап берді.
Талдықорған қалалық сотының шешімімен жалған террористің 2 жылға бас бостандығы шектеліп, 100 сағатқа мәжбүрлі жұмысқа тартылды. Үкім заңды күшіне енді.
Митинг в день выборов в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2022
Өңірлер
Тестіге дайын болмаған: өскемендік оқушы терроризм туралы жалған хабарлама жіберген
Жаңалықтар
0