https://sputnik.kz/20221116/testige-dayyn-bolmagan-oskemendik-oqushy-terrorizm-turaly-zhalgan-khabarlama-zhibergen-29389287.html
Тестіге дайын болмаған: өскемендік оқушы терроризм туралы жалған хабарлама жіберген
Тестіге дайын болмаған: өскемендік оқушы терроризм туралы жалған хабарлама жіберген
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 16 қараша – Sputnik. 8 қарашада Өскемен қаласы білім беру бөлімінің электрондық мекенжайына қаланың 6 мектебіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама... 16.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-16T17:27+0500
2022-11-16T17:27+0500
2022-11-16T18:17+0500
өңірлер
өскемен
жарылғыш зат
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0a/15974527_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_301281faaba809c324826db13a8bf298.jpg
АЛМАТЫ, 16 қараша – Sputnik. 8 қарашада Өскемен қаласы білім беру бөлімінің электрондық мекенжайына қаланың 6 мектебіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келген. Тексеріс барысында ақпарат расталмады, жарылғыш заттар анықталмады Терроризм актісі туралы қасақана жасалған хабарлама үшін облыстық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. 15 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында департаменттің эктремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірге жалған ақпарат берген 9-сынып оқушысын анықтады. Оқушы мектептегі тестілеуге дайын болмағандықтан, осындай әрекетке барған.Ішкі істер министрлігі терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл (бүгінгі күні 15,9 млн теңге) не болмаса осы мөлшерде түзету жұмысына, сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасына тарту көзделгенін ескертеді. Жыл басынан бері осындай фактілер бойынша 140 қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс жасағандары үшін 36 адам ұсталды, олардың 17-сі әртүрлі жазаларға сотталды. Қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталады. "Осындай жалған хабарламаның салдарынан келтірілген залалдың барлық шығыны өтеледі. Жалған шақыртуларға арнайы қызметтердің шығуына 300 мың теңгеге жуық шығын шығады, ал мекемелер мен ұйымдардың жұмысын тоқтату шығыны миллиондар болуы мүмкін. Осындай іс-әрекетті кәмелетке толмағандар жасаған жағдайда, шығындарды өтеу олардың ата-аналарына немесе олардың заңды өкілдеріне жүктеледі", - дейді полиция.
өскемен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0a/15974527_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_7a90bd387bb106b4459e770ae064dbea.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өскемен, жарылғыш зат, мектеп
өскемен, жарылғыш зат, мектеп
АЛМАТЫ, 16 қараша – Sputnik. 8 қарашада Өскемен қаласы білім беру бөлімінің электрондық мекенжайына қаланың 6 мектебіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келген.
Тексеріс барысында ақпарат расталмады, жарылғыш заттар анықталмады Терроризм актісі туралы қасақана жасалған хабарлама үшін облыстық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
15 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында департаменттің эктремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірге жалған ақпарат берген 9-сынып оқушысын анықтады.
Оқушы мектептегі тестілеуге дайын болмағандықтан, осындай әрекетке барған.
Ішкі істер министрлігі терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл (бүгінгі күні 15,9 млн теңге) не болмаса осы мөлшерде түзету жұмысына, сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасына тарту көзделгенін ескертеді.
Жыл басынан бері осындай фактілер бойынша 140 қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс жасағандары үшін 36 адам ұсталды, олардың 17-сі әртүрлі жазаларға сотталды. Қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталады.
"Осындай жалған хабарламаның салдарынан келтірілген залалдың барлық шығыны өтеледі. Жалған шақыртуларға арнайы қызметтердің шығуына 300 мың теңгеге жуық шығын шығады, ал мекемелер мен ұйымдардың жұмысын тоқтату шығыны миллиондар болуы мүмкін. Осындай іс-әрекетті кәмелетке толмағандар жасаған жағдайда, шығындарды өтеу олардың ата-аналарына немесе олардың заңды өкілдеріне жүктеледі", - дейді полиция.