https://sputnik.kz/20221129/ekibastuzda-zhagday-qiyndasa-pavlodardagy-aurukhanalar-dayyn--vitse-premer--29825010.html
Екібастұзда жағдай қиындаса, Павлодардағы ауруханалар дайын – вице-премьер
Екібастұзда жағдай қиындаса, Павлодардағы ауруханалар дайын – вице-премьер
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Вице-премьер – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин жылусыз қалған Екібастұздағы әлеуметтік нысандардың жай-күйі туралы... 29.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-29T10:35+0500
2022-11-29T10:35+0500
2022-11-29T10:35+0500
екібастұз
аурухана
https://sputnik.kz/img/07e6/08/10/26735408_0:93:1762:1084_1920x0_80_0_0_bd92f936b2e52fc24b7b00ec5e9dc4cf.jpg
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Вице-премьер – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин жылусыз қалған Екібастұздағы әлеуметтік нысандардың жай-күйі туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ол Екібастұздағы әлеуметтік нысандардың жағдайы өз бақылауында екенін атап өтті."Күнде не болып жатқаны туралы ақпарат аламыз. Қазіргі уақытта ауруханаларда қанша адам жатыр, перзентханаларда қанша әйел, қанша бала жатыр, температура қандай, ауа райы қандай? Соның бәрін бақылап отырмыз. Керек болса, ауруханалар Павлодарда дайын. Жағдай қиындаса, үкімет әлеуметтік жағынан бүкіл шаруаны жасап, дайындап қойды", деді Жұманғарин үкімет кулуарында.Вице-премьер Екібастұз жылу электр орталығындағы апат инфрақұрылымның тозуымен байланысты екенін айтты.Осы орайда журналистер "бүгін премьер-министр төтенше жағдайға байланысты неге ешкімді жазалаған жоқ?" деп сұрады."Менің ойымша, жазалаудың уақыты келеді. Қазір ең алдымен жағдайдың анық-қанығына көз жеткізіп алу керек", - деді Жұманғарин.
https://sputnik.kz/20221129/ekibastuzda-tanga-qaray-tagy-ondagan-uy-zhylusyz-qaldy-29821009.html
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/10/26735408_97:0:1665:1176_1920x0_80_0_0_1d114f22466af21af286ff85a9635c0a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
екібастұз, аурухана
Екібастұзда жағдай қиындаса, Павлодардағы ауруханалар дайын – вице-премьер
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Вице-премьер – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин жылусыз қалған Екібастұздағы әлеуметтік нысандардың жай-күйі туралы айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол Екібастұздағы әлеуметтік нысандардың жағдайы өз бақылауында екенін атап өтті.
"Күнде не болып жатқаны туралы ақпарат аламыз. Қазіргі уақытта ауруханаларда қанша адам жатыр, перзентханаларда қанша әйел, қанша бала жатыр, температура қандай, ауа райы қандай? Соның бәрін бақылап отырмыз. Керек болса, ауруханалар Павлодарда дайын. Жағдай қиындаса, үкімет әлеуметтік жағынан бүкіл шаруаны жасап, дайындап қойды", деді Жұманғарин үкімет кулуарында.
Вице-премьер Екібастұз жылу электр орталығындағы апат инфрақұрылымның тозуымен байланысты екенін айтты.
Осы орайда журналистер "бүгін премьер-министр төтенше жағдайға байланысты неге ешкімді жазалаған жоқ?" деп сұрады.
"Менің ойымша, жазалаудың уақыты келеді. Қазір ең алдымен жағдайдың анық-қанығына көз жеткізіп алу керек", - деді Жұманғарин.