https://sputnik.kz/20221129/ekibastuzda-tanga-qaray-tagy-ondagan-uy-zhylusyz-qaldy-29821009.html
Екібастұзда таңға қарай тағы ондаған үй жылусыз қалды
Екібастұзда таңға қарай тағы ондаған үй жылусыз қалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. 29 қарашадағы жағдай бойынша Екібастұзда 25 кәппәтерлі тұрғын үй мен 90 жер үй жылу қабылдамай тұр. Бұл туралы Павлодар облысының... 29.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-29T09:44+0500
2022-11-29T09:44+0500
2022-11-29T10:52+0500
жылу желісі
https://sputnik.kz/img/07e5/01/06/15934234_0:314:3083:2048_1920x0_80_0_0_3cd4bd85d4b86befffb929a6e4ac9a82.jpg
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. 29 қарашадағы жағдай бойынша Екібастұзда 25 кәппәтерлі тұрғын үй мен 90 жер үй жылу қабылдамай тұр. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Ысқақов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."29 қараша күні таңға қарай тағы да 25 кәппәтерлі және 90 жекеменшік үйдің ішкі жылу жүйесінде проблемалар пайда болды. Яғни бұл үйлер жылуды қабылдай алмай отыр. Бірақ жылу желісінде ыстық су бар", - деді Ысқақов үкімет отырысында.Облыс әкімі аталған үйлердің ішкі жылу жүйесін қалпына келтіру қажет екенін атап өтті."Сол үшін қосымша 23 бригада тағы басқа қалалардан көмекке келді. Сонымен қатар жылусыз отырған тұрғындарға 1200-ге жуық жылыту құралдары жеткізілді", - деді ол.Осы орайда Ысқақов Екібастұз жылу электр орталығында болған апаттың хронологиясын баяндады.Айтуынша, сол сәттен бастап жедел штаб құрылып, барлық қажетті ресурс жиналды. Қалада төтенше жағдай жарияланды.27 қараша сағат 21.00-дегі жағдай бойынша 149 көппәтерлі тұрғын үй және 15 әлеуметтік нысан жылусыз қалған. Қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесі бойынша 15 елеулі зақымның 14-і жойылып, желі ішінде ыстық судың кетуі үштен екі есеге дейін төмендеді.28 қарашада таңға қарай қабылданған шаралар 132 тұрғын үй мен 12 әлеуметтік нысанды жылуға қосуға мүмкіндік берді. Осылайша сол уақытқа қарай 17 көппәтерлі тұрғын үй және 3 әлеуметтік нысан жылусыз қалды.Стансадағы температура – 87,59.10 қазандықтың алтауы жұмыс істеп тұр. Қажетті жұмыстарды жүргізуге 25 бригада және 37 техника тартылды.Ысқақов қалпына келтіру жұмыстары өз бақылауында екенін мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/06/15934234_352:0:3083:2048_1920x0_80_0_0_653cc5d1e24876a2af95839c3bde4cd0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылу желісі
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. 29 қарашадағы жағдай бойынша Екібастұзда 25 кәппәтерлі тұрғын үй мен 90 жер үй жылу қабылдамай тұр. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Ысқақов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"29 қараша күні таңға қарай тағы да 25 кәппәтерлі және 90 жекеменшік үйдің ішкі жылу жүйесінде проблемалар пайда болды. Яғни бұл үйлер жылуды қабылдай алмай отыр. Бірақ жылу желісінде ыстық су бар", - деді Ысқақов үкімет отырысында.
Облыс әкімі аталған үйлердің ішкі жылу жүйесін қалпына келтіру қажет екенін атап өтті.
"Сол үшін қосымша 23 бригада тағы басқа қалалардан көмекке келді. Сонымен қатар жылусыз отырған тұрғындарға 1200-ге жуық жылыту құралдары жеткізілді", - деді ол.
Осы орайда Ысқақов Екібастұз жылу электр орталығында болған апаттың хронологиясын баяндады.
"27 қараша күні Екібастұз жылу электр орталығының 11 қазандығы апатты түрде тоқтатылды. Кейін жылумен жабдықтау желілеріндегі қысымның төмендеуіне байланысты тағы да үш қазандық тоқтатылды. Себебі желі ішінде су нормадан үш есе артық кетіп тұрды. Салдарынан жылу электр орталығы 52, 37 төмендетілген параметрде жұмыс істеді. Норма бойынша 87,56 болуы керек", - деді ол.
Айтуынша, сол сәттен бастап жедел штаб құрылып, барлық қажетті ресурс жиналды. Қалада төтенше жағдай жарияланды.
27 қараша сағат 21.00-дегі жағдай бойынша 149 көппәтерлі тұрғын үй және 15 әлеуметтік нысан жылусыз қалған. Қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесі бойынша 15 елеулі зақымның 14-і жойылып, желі ішінде ыстық судың кетуі үштен екі есеге дейін төмендеді.
28 қарашада таңға қарай қабылданған шаралар 132 тұрғын үй мен 12 әлеуметтік нысанды жылуға қосуға мүмкіндік берді. Осылайша сол уақытқа қарай 17 көппәтерлі тұрғын үй және 3 әлеуметтік нысан жылусыз қалды.
Стансадағы температура – 87,59.
10 қазандықтың алтауы жұмыс істеп тұр. Қажетті жұмыстарды жүргізуге 25 бригада және 37 техника тартылды.
Ысқақов қалпына келтіру жұмыстары өз бақылауында екенін мәлімдеді.